Статьи, год 2013

Бұл мақалада дін әлеуметтік құбылыс және әлеуметтік сананың ең күрделі түрі ретінде қарастырылады. Осының негізінде діни сананың қоғам және адам өміріндегі алар орны көрсетілген. Сенім, сезім және үміт діни сананың бастамасы ретінде  көрініс табады.Қоғамның жұмыс істеуінің және дамуының маңызды саласы болып оның рухани өмірі табылады. Ол адам өмірінде жағымды рухани атмосфераны және жақсы психологиялық-адамгершіліктік климатты қалыптастырады. Қоғамның рухани өмірінің негізін рухани іс-әрекет құрайды. Оны адамның белгілі бір ойлары мен сезімдері, табиғи және әлеуметтік құбылыстар туралы түсініктер мен бейнелер ретінде туындайтын сананың іс-әрекеті ретінде қарастыруға болады. Бұл іс-әрекеттің нәтижесі ретінде адамдардың әлемге, ғылыми идеялар мен теорияларға, адамгершіліктік, эстетикалық және діни танымдарға деген белгілі көзқарастары көрініс та- бады. Олар адамгершіліктік қағидалар мен мінез-құлық ережелерінен, халықтық және кәсіби шығармашылық туындылардан, діни рәсімдерден, салт-жоралардан және т.б. байқалады.Діннің барлық әлеуметтік институттар сияқты салыстырмалы тұрақты және консервативті білім екендігіне қарамастан, ол қоғамдық тұрмыстың өзгермелі жағдайларына бейімделгіш болып келеді. Ғылыми-техникалық прогрестің өсімімен, әлеммен байланыстылығы, қоғамның өмір тіршілігінің түрлі салаларындағы жаhандық трансформацияларымен сипатталатын қазіргі кезең діни салаға өзіндік әсерін тигізді. Діннің сыртқы бейнесі алғашқы кейпінде сақталған болса, ал сана тұрғысында ол біршама өзгерістерге ұшырады.Діни сана мәселесінің өзектілігі бірнеше объективті факторлардан туындайды. Әлемнің барлық елдерінде дінге сенушілердің көп болуына қарамастан, діни сананың күшімен шешілмейтін көптеген қарама-қайшылықтар туындап жатыр. Діни сананың негізінде діни идеологияның негізгі элементі болып табылатын діни сенім, діни оқуларға толық сенім білдіретін бір Құдайға сенуге негізделген тылсым күштерге ие құбылыстарға деген сенім қалыптасады.Өзін түбегейлі өзгертуші, ішкі және сыртқы қиын жағдайларда жаңа мемлекеттілікті қалыптастыратын қазақстандық қоғам үшін ұрпақтар жалғастығы мен жас ұрпақты осы процеске ендіру мәселелері қоғамдық мақсаттарға жету жолында маңызды шешім болып табылады. Дінге артылатын үміттер көп жағдайда ақталмайды: түрлі діндердің ғасырлар бойы орын алып келе жатқандығына қарамастан, жер шары тұрғындарының басым бөлігі дінге сенбейді.Мақалада Э. Дюркгейм, К. Маркс, Ф. Энгельс, Д. Бонхеффер, И. Кант және т.б. ғалымдардың көзқарастарына талдау жасалынады. Қазіргі таңда қоғамның діни сана мәселесі өзекті болып қала береді.
2013

Саяси әлеуметтену тұлғаның саяси тәжірибені, саяси іс-әрекет пен саяси қатынастардың талаптарын, құндылықтарын және бағдарларының белгілі бір жүйесін белсенді түрде қайта өндіру процесі ретінде түсіндіріледі. Шын мәнінде, бұл – ұрпақтан-ұрпаққа саяси құндылықтар, талаптар және мінез-құлық үлгілерін жеткізіп отыру процесі.Саяси әлеуметтену ұғымы екі мағынада қолданылады. Біріншіден, индивидтің саяси жетілу процесін,  оның саяси «Менінің» қалыптасуын, саяси өмірге өзіндік көзқарастарының, өзіндік саяси бағдарының болуын білдіреді. Екіншіден, саяси көзқарастарды, идеяларды, түсініктер мен талаптарды, саяси мәдениетті бір ұрпақтан екінші ұрпаққа, бір әлеуметтік топтар мен қауымдастықтардан екіншісіне жеткізу процесін сипаттайды. Осылайша, екі жағдайда да саяси әлеуметтену – бұл түрлі деңгейде жекелік және қоғамдық, жүзеге асырылатын жалпы, біртұтас процесс. Осы екі деңгейге қатысты саяси әлеуметтенудің: жекелік және қоғамдық түрлерін  айтуға болады. Құқықтық әлеуметтену – индивидтің жалпы әлеуметтенуінің бір бөлігі, бір түрі. Құқықтық әлеуметтену процесінде индивид құқықтық сауаттылыққа үйреніп, құқықтық білім негіздерін игеріп, өзінің құқықтық мінезқұлқын практикада қолдануға дағдыланып, құқықтық мәдениеттің белгілі бір сапалық деңгейін сипаттайды. Құқықтық әлеуметтену – тұлғаны әлеуметтік-құқықтық қатынастарға тартып, саяси және құқықтық талаптарға, құндылықтарға араластыру, жекелік құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыру процесін білдіреді.
2013

Мақалада Қазақстанның білім беру жүйесі мен ғылым және осы саладағы өзгерістер мен жаңартулар жан- жақты қарастырылған. Жоғары оқу орнының негізгі бағыттары мен мақсаты талданды. Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі мен ғылымды ұйымдастырудың институционалды формаларын жаңарту белсенді жүргізілуде. Жоғары мектепте қалыптасатын жас ғалымдарды әлеуметтік-мәдени топ ретінде зерттеу маңыздылығы Қазақстандық жоғары оқу орындарының жаңа зерттеу мәртебесіне ие болуымен артады. Сондықтан жоғары оқу орындары тек ғылыми кадрларды дайындау сапасына ғана емес, олардың кәсіби жұмысбастылығы мен мансаптық мобильділігіне де жауаптылықты алады. Қазақстандық ғылымның тиімді қызмет етуі жастар арасында тек зерттеу құзыреттіліктерін ғана емес, құзыреттіліктің басқа да түрлерін (тұлғааралық, жүйелік, пәндік) қалыптастыру арқылы мүмкін болады. Осыған байланысты, Қазақстандағы жас ғалымдардың әлеуметтік және мінез-құлықтық сипатын зерттеу және кәсіби тиімділік пен оның әлеуметтік рөлін арттыруды ұсыну негізінде даярлау теориялық және тәжірибелік маңызға ие. Мақалада «Қазақстанның жас ғалымдары: социологиялық бейнеге негіздеме» атты жобасы аясында 2012 жылдың наурыз айы мен қараша айлары аралығында Қазақстанның жас ғалымдарының қоғамдық пікірін айқындауға бағытталған социологиялық зерттеу қорытындылары ұсынылған. Берілген социологиялық зерттеудің ішінара жиынтығын қалыптастыру, ең алдымен, институционалды анықтамасы толығымен айқындалмаған «жас ғалым» ұғымын жалпылауға және ресмилеуге бағытталған болатын. Бірнеше көрсеткіштерді статистикалық есепке алуға мүмкіндік беретін нақты критерийлердің болмауы нәтижесінде 2010 жылдан бері қазақстандық жоғары оқу орындарындағы докторанттардың саны бойынша ресми статистикалық мәліметтер көрсетілмеген. «Магистранттар» категориясы да білім беру саласын сандық талдауда есепке алынбайды.
2013

Мaқaлaдa aвтор жeтім бaлaлaрдың өміргe өз бeтіншe қaдaм жaсaуы кeзeңіндeгі әлeумeттeнуі мәсeлeсін тaлдaйды. Ол бұл үдерістің қиындығының нeгізгі сeбeптeрін интeрнaттық мeкeмeнің психологиялық ұжымының aзaмaттық жәнe aдaмгeршілік ұстaнымымeн түсіндірeді. Оның осaл тұсы тиісті оқу-тәрбиeлік бaғдaрлaмaлaрдың жоқтығынaн жәнe оқыту, тәрбиeлeу бaрысындa нaқты түзeту-дaмыту міндeттeрінің aлдынa қоюды қaлaмaуынaн көрінeді. Aтa-aнa тәрбиeсіндeгі жәнe бaлaлaр үйіндe тәрбиeлeнгeн бaлaлaрды сaлыстырa отырa aвтор оң жәнe бeйәлeумeттік мінeз қырлaрының бaлaлaр үйіндe тәрбиeлeніп өскeн бaлaлaрдa бaйқaлғaнын aтaп өтті. Өзінің өмір сүру құқығын дәлeлдeу тaлпынысындa aгрeссия aтaлмыш жaғдaйдың шeшімі жәнe жaлғыз өмірлік бaғдaр болып тaбылaды.
2013

Мақала қоғам өмірінің дамуына тежегіш болатын масылдылық феномені, оның шығу себептері мен зардаптары, оған алып келетін рухани және физикалық факторларды зерттеуге арналған. Мемлекеттік басқару құрылымының, идеологияның қоғамда осы феноменнің көрініс табуына тигізетін әсері, түрлі бағыттағы елдердің тәжірибесін талдау арқылы көрсетілген. Атап айтқанда, АҚШ пен КСРО халқының еңбек жағдайы салыстырылып, түрлі жүйеде өмір сүріп жатқан Оңтүстік және Солтүстік Корей мемлекеттерінің өмірін мысалға ала отырып пікір білдірілген. Түркия халқының еңбекке көзқарасының ұстанған рухани бағытымен байланысы арқылы көрсетуге тырысады. «Қазақстандық қоғам неліктен үздік нәтижелерге қол жеткізе алмауда?»,«Қазақ болмысынан масыл ма, әлде тарихи жағдай «масылдардың» көбеюіне жол ашты ма?», «Әлеуметтік масылдылықтың зардабынан қалайша шығынсыз, ұтымды құтылуға болады», «Елдегі еңбек қатынастарының қалыптасуы мен даму үдерісі дұрыс жолға қойылу үшін не істеу керек?» деген сынды әрқилы сұрақтардың жауабы халық санасы мен бүгінгі жай-күйін талдай отырып түйінделген. Халықтың еңбек мәселесіне қатысты Абай, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов секілді тұлғалардың ой-пікірлері, халық ауыз әдебиеті мен мақал-мәтелдері әлеуметтанулық тұрғыдан талданады. Масылдылықты жоюдың ең тиімді жолы ретінде Самсунг, Тайота сынды ірі компаниялардың корпоративтік мәдениетті жолға қою әдісі сарапталған.
2013

Жоғары оқу орнының негізгі іс-әрекеті білім беру қызметін ұсыну болып табылады. Білімнің сапасы немесе еңбек нарығыда сұранысқа ие маман болу, ең алдымен, оқытушылардың жұмысымен тікелей байланысты. Сондықтан да оқытушылардың жұмысын бақылау әрі бағалау білім беру сапасын басқарудағы аса күрделі және маңызды мәселелердің бірі. Сол себепті мақалада жоғары оқу орындарының оқытушылары жоғары  білім берудің негізгі субъектісі ретінде жан-жақты қарастырылады. Оқытушылардың жоғарғы оқу орнындағы жұмысын бағалау критерийлері бір жүйеге келтірілмеген. Осыған орай, білім беру мекемелеріндегі педагогика саласындағы қызметкрелерге қойылатын талаптардың тіміздері әрқилы болып келеді.
2013

Мемлекет әлемдік қауымдастыққа кірігуді жүзеге асырып отырған тұста біліктілігі жоғары кадрлар – болашақ мамандар даярлау, жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыратын жағдайлар мен әрекет ету механизмдерін жасау мәселесі өзекті болып отыр. Қазақстан дамуының маңызды шарты жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде қазіргі заманғы мәдениет, экономика, техника мен технология жетістіктерін пайдалана отырып маман даярлаудың жетілдірілген жүйесін жасау болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін модернизациялау қоғамның барлық саласына әсерін тигізері даусыз. Ендеше, жоғары білікті мамандар даярлау барысындағы бірінші кезектегі міндеттердің бірі – білім алушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруді іске асыру барысында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлі ерекше. Білім беруді гуманизациялау мәселесі жоғары технологияларды ендіру мен инновацияны қолдауға бағытталған мемлекеттік стратегияны іске асыру тұсында өзекті болары анық. Осы тұста әлеуметтік білімдердің болашақ маманды ізгілендірудегі алатын орны ерекше. Осыған орай мақалада жоғары оқу орындарында болашақ әлеуметтік сала қызметкерлерін оқыту ерекшеліктері мен болашақ маманға қойылатын талаптар қарастырылған. Егеменді елімізде білім беру мен тәрбиелеудің біртұтас үрдісін қазіргі заман талабына сай жаңаша құру қажеттілігі басым. Келешек ұрпақты, мемлекетіміздің бүкіләлемдік кеңістікте беделді орын алуына еңбек етуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, жеке тұлға қалыптастыруға, терең білім мен тәрбие алуға, дүниетанымдық көзқарастар қалыптастыруға бағыттау қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының алдындағы басты міндет өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары саналы, белсенді азамат, білікті маман тәрбиелеп шығару болып табылады. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне жаңа тұлғаны қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Жастардың ойлау қызметін дамыту, ой-пікір дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту – маңызды және күрделі мәселелер болып табылады. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге шығармашылық тұрғыдан қарай алатын, қойылған мәселені дәстүрлі емес түрде және сапалы шеше білетін тұлғалардың, мамандардың талап етілуі қоғамның даму жылдамдығына және тез өзгеріс жағдайында адамдарды өмірге дайындай білу керектігіне байланысты.
2013

Мақалада «өмір сапасы» терминінің әлеуметтануда қалыптасуы батыс елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының қарама-қайшылықтары қарастырылады. Өмір деңгейінің жоғарылау фонында (табыс, тұтыну) экономикалық жағынан бай мемлекеттерде жұмыссыздық, қылмыс пен терроризмнің көбеюі, қоршаған орта ластануы, инфляция, әлеуметтік қысым және т.б. әлеуметтік мәселелер шешімін тапқан жоқ. Қазіргі кезде өмір сапасы идеясы – әлеуметтік саясат контексінде ең көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады, себебі қоғам мүшелерінің барлығына  социум өміріне қатысуға  тең мүмкіншіліктер мен  шарттар жасау  барлық  дамушы елдерге тән алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі болып табылады. Экономикалық дағдарыс шарттарында өмір сапасын жоғарылату мәселелері стратегиялық мән мен өзектілікке ие, сонымен қатар мемлекеттік және муниципалдық  басқарудың  стратегиялық  мақсатына айналды.
2013

Мақалада арт-терапияның шығу тарихы мен қолданыстағы функциялары, бағыттары мен салалары қарастырылған. Бұл жерде қоғамның экономика мен рухани саласындағы түбегейлі өзгерістері мен олардың жағымсыз салдары, олардың отбасылық қарым-қатынасқа кері әсері және де халыққа әлеуметтік көмек көрсету формалары мен әдістерін жан-жақты дамытуға қажеттіліктің жоғарылауы туралы айтылған. Авторлар әлеуметтік жұмыс саласындағы маманның қазіргі терапевтік ықпал ету әдістерін меңгере отырып, соматикалық және психикалық ауытқуларда қолданатын шешу жолдарын көрсетіп өткен. Сонымен қатар автор арт-терапия әдісі даму үстіндегі психотерапияның әдістердің жаңа түрі болып табылатындығын көрсете отырып, аталмыш терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие екендігі туралы айтып өтеді. Және де осы арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттары қарастырылады. Сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы құндылығы, символикалық деңгейде әртүрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру  және зерттеу  болып табылады. Символдарды іске асыруын алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі суреттерден дейінгі және кейінгілерден бақылауға болады. Біздің ертедегі ата-бабаларымыз символикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі орны мен адамның күнелтуін айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрлыспен пайда болған көрініс болып табылады.
2013

Мақалада индустриалдық және индустриалды-инновациялық дамудың нақты түрде ерекшеліктерін ажы- ратып алу керектігіне баса назар аударылады. Егер алғашқысы экономикалық жүйенің кәсіптік және өндірістік негіздерін қалыптастыру процесін білдірсе, екіншісі сол қалыптасқан өндірістік-кәсіптік негізін жетілдіру, оны жаңа жағдайларға байланысты қайта құрылымдау дегенді білдіреді.
2013

Мақала Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Алматыда 2004 жылғы 22 қазанда өткен мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің екінші кездесуде Кеңес аясында сенім шараларын жүзеге асыру принциптерін бекіткен АӨСШК Сенім шаралары тізімдемесі (Каталог) қабылдаған əскерисаяси өлшеміне арналған. Бұл жас ұйымның шеңберінде: 2004 жылдың 22 қазанында қабылданған Сенім шаралары тізімдемесіне (Каталог), АӨСШК Төртінші Сыртқы істер министрлері кездесуі қорытындысы бойынша қабылданған Декларациясына, АӨСШК Үшінші министрлік кездесудің Қорытындысы жəне «АӨСШК: Азиядағы қауіпсіздік архитектурасын құру идеясын жүзеге асыру» атты ғылыми-тəжірибелік конференциясының Есебі сынды құжаттарға сараптама жасалынды. АӨСШК мүше-мемлекеттердің қауіпсіздік саласы мен əскери-саяси өлшемдегі əрі қарай дамуындағы ынтымақтастығын айта келе, автор келешекте əскери-саяси өлшем Сенім шаралар тізімдемесінің маңызды бағыттарының біріне айналуы үшін тəжірибелік жұмыстар атқаруы тиіс деген қорытындыға келді.
2013

Мақала Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендер мəселесіне арналған. Екі ел арасындағы су мəселесінің бүгінгі жай-күйі, оларды шешуге бағытталған шаралар барысы, аталмыш мəселені шешу жолында тараптар үшін кездескен қиыншылықтар мен кедергілер кеңінен талданған. Трансшекаралық өзендердің Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы үшін стратегиялық маңызы аталып, олардың тараптар үшін экономикалық тиімділігі, өзендерді дұрыс пайдаланбаудың экологиялық салдары жəне мəселенің басқа да тұстарына баға берілген. Қазақстан мен Қытай Елбасыларының, ведомстволар, министрліктер басшыларының өзара сапарлары барысында трансшекаралық өзендер мəселесін шешуге қатысты қол қойылған құжаттарға сараптама жасалған. Сонымен қатар мақалада трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану бойынша құрылған сарапшылар тобы жұмысының белгіленген əрекеттері мен нəтижелері қарастырылған.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.