Статьи, год 2013

Мақалада білім берудің мəніне байланысты көзқарастар сараланып, соның негізінде жоғары мектептің өзгерістері сипатталған. Автор білім беру адамдардың өмірінде жəне кəсіби əрекетінде кездесетін кез келген мəселені шеше алатын интеллектуалды жəне практикалық білік дағдымен қаруландыратындығына тоқталады. Адам білім алу кезінде дамиды жəне өзіндік жетілетіндігіне мəн берген. Білім беру барысында адамдар əртүрлі өмірде кездесетін мəселелерді шешуге бағытталған шығармашылық тəжірибе жинақтайды жəне оның барлығы білім беру мазмұнында көрініс табады. Мақалада əлемдік өркениетке кірігу, жаңа прогрессивті технологияларды қолдану, əлеуметтік- экономикалық даму перспективаларын анықтау қарастырылған.
2013

Мақалада мектепке дейінгі ұйымда əдістемелік жұмысты басқару мəселесінің тарихына шолу жасалып, əдістемелік жұмысты басқаруды жаңаша құру мəселесін қолға алу жайлы ой қозғалады. Көптеген зерттеушілердің білім беру жүйесін басқаруда екі нəрсеге айрықша тоқталатыны туралы көрсетіледі. Мектепке дейінгі ұйымды басқару жүйесінде əдістемелік жұмыстың маңыздылығы мектепке дейінгі тəрбие мəселесі бойынша тарихи-əдістемелік, ғылыми-теориялық арнайы зерттеулерге тоқталады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы əдістемелік жұмыстың даму жолына назар аударылып, оның бірнеше кезеңдеріне сипаттама беріледі. Педагогика ғылымында əдістемелік жұмысты басқаруды жетілдірудің тиімді құралы ретінде педагогикалық диагностика қарастырылады. Педагогикалық жəне əдістемелік еңбектерге шолу жасау барысында педагогикалық диагностика негізінде басқарудың тиімді əдістері мəселелері анықталады. Мектепке дейінгі ұйымда əдістемелік жұмысты басқаруда əдістемелік жұмысты диагностикалауда басқарудағы мақсаттар негізінде əрекет көрсетіледі. Тəрбиешілердің білім беру мен тəрбиелеудегі табысты нəтижелерін анықтау; тəрбиешілердің білім беру мен тəрбиелеу барысында жіберген кемшіліктерді анықтау; білім беру мен тəрбиелеу нəтижелерінің қойылған мақсаттарға сəйкес келмейтінін айқындаған жағдайда түзету жұмыстарын жүргізу; білім беру мен тəрбиелеу үдерісінің келесі кезеңдерін жоспарлау; тəрбиешілерді жұмыстағы табыстары үшін мадақтау көмегімен қызығушылығын тудырып, келесі қадамдардың күрделілігін реттеу; білім беру мен тəрбиелеу шарттарын жақсарту жолдары. Мектепке дейінгі ұйымдағы əдістемелік жұмысты педагогикалық диагностика негізінде басқару педагогикалық үдерісті тəрбиешілер мен тəрбиеленуші балалардың ерекшеліктері мен əр педагогтің дамуына тұлғалық бағытталу тəсілін қолдануға, оның əдістемелік көмек қажет ететін тұстарын ұғынуға, педагогтің күшті жəне əлсіз жақтарын анықтауға, оны жеке іс-əрекет түрінде бекітуге нақты тəсілдер белгілеуге мүмкіндік беретіндігіне көңіл бөлінеді.      
2013

Мақалада құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуының заңдылықтары қарастырылады. Тұлғаның құзырлылығы белгілі құрылымнан тұрады жəне соның бөлімшелері адамның күнделікті, кəсіби жəне əлеуметтік өміріндегі түрлі мəселелерді шешу қабілетімен байланысты. Құзырлылық педагогикалық категория ретінде оның дамуын логиканың жəне материалистік диалектиканың заңдарынан туындайтын педагогикалық ұстанымдар, заңдылықтар арасындағы байланысы көрсетіледі. Қазіргі білім үлгісіндегі күрделі де қарама-қайшылығы мол үдерістердің уақыт талабын қанағаттандыра алмауы күн тəртібіне білім беруді түбегейлі қайта қарауға көңіл бөлініп, басты мақсат білім мазмұнын өзгерту, оқу мерзімін ұзарту немесе пəндер көлемін ұлғайтумен шектеліп қалмай, білім беру кеңістігіндегі құндылық бағыттарының өзгеруіне байланысты рухани, адамгершілік өлшемдерін терең түсіну; адамның білім беру үдерісі арқылы рухани құндылықтармен қауышып, əлем мəдениетіне қол жеткізу екендігіне көңіл бөлінеді.
2013

Қазіргі таңдағы қоғамдағы əлеуметтік-саяси өзгерістер мен жалпы экономиканың даму жағдайында білім беру жүйесі сараптамаға мұқтаж болуда. Мақалада білім беру саласындағы сараптамалық жұмыстың субъектілері, сарапшының рөлі мен орны жəне оның осы аумағындағы ұстанымдары қарастырылады. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер қазіргі кезде білім сапасын арттырудың маңызын өзектендіруде. Білім берудің сапасын арттыруда сараптама жүргізудің ең бірінші көрсеткіші білім алушылардың білім алуда қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс екендігі көрсетіледі. Мақалада  осы мəселеге байланысты түрлі авторлар сарапшының орны мен рөлін, сараптама субъектілері мəселелерін көптеген методологиялық, кейде саяси ұстанымдар тұрғысынан анықтауға тырысады. Білім беру жүйесіндегі сараптама субъекті мəселесінде субъектік қатынастардың ерекшеліктерін айқындайды. Білім беру жүйесінде сарапшыға қойылатын талаптардың бірі зерттеу жəне тəжірибелік жұмысты жүргізуде зор тəжірибеге ие болу қажеттілігі мен сараптаманың нысандарын бағалауда қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді, соның ішінде инновациялық жобаларды пайдалану-сарапшылар жұмысының тиімділігі көрсетіледі.
2013

 Мақалада Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі реформалар барысында туындаған инновациялық қозғалыстық факторлары нормативтік-құқықтық құжаттар арқылы жүйеленген. Сондай-ақ жаңа ғасырдағы білім берудің интеграциялау сипаты ерекше көрсетілген. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер құрылымында оқытушы тұлғасы, оның кәсіби біліктілігі, рухани байлығының үлкен рөл атқаратыны баса айтылған.Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби әрекетінде инновациялық сипат Болон үдерісі талаптарымен ұштастырылып анықталған.Тұтас педагогикалық үдерістегі жаңалық – әлемдік педагогикалық мәдениеттің гуманистік құндылықтар мен дәстүрлерді ендіру қажеттілігі.Мақалада инновацияның, инновациялық үдерістің мазмұны нақтыланады.Инновациялық ойлаудың когнитивті, жобалаушылық, құралдық, түзетушілік бөліктері сипатталады.Инновациялық іс-әрекет зерттеу университетіндегі педагогикалық үдерістің қозғаушы күші, жаңаны ендірудің құралы болып табылатындығы көрсетілген.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құруға қажет америкалық зерттеу университеттерінің тәжірибесін басшылыққа алу ұсынылған. Ол университеттердегі бизнестің, жұмыс берушілердің, ғылым мен білім интеграциясы тетігі талданған.Университеттегі қызметкерлердің жаңаны ендіруге өзгерістерге қарсылық көрсету себептері, көріністері, әсерлері мазмұны сипатталған. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үдеріс педагогикалық инноватика теориялары мен тұжырымдамасы тұрғысынан сипатталған.Жоғары оқу орнының инновациялық ортасының құрылымы, инвесторлар, Білім және ғылым министрлігі, жергілікті әкімшілік, ресурстар, мамандар, технологиялар, жоғары оқу орындарының инновациялық өнімдерін тұтынушылар, инфрақұрылым, делдалдар, бәсекелестер арқылы суреттелген.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жұмыс сапасын үздіксіз жетілдіру мақсатында енгізілген «Кайдзен» жүйесінің идеясының мақсаттары әдіснамалық деңгейде көрсетілген. Сонымен қатар қазіргі уақытта білімді ғалымдар, ғылыми мектептер дамытатынына баса көңіл бөлінген.
2013

Бұл мақалада қазіргі қоғамдағы əлеуметтік проблемалар, олардың шешу жолдары мен əдістері баяндалады. Сондай-ақ əлеуметтік қызметкердің кəсіптік тұлғасы жəне маманға қойылатын талаптар, əлеуметтік қызметкердің əртүрлі лауазымдық міндеттері сипатталады.Мақалада қазіргі заманға тəн болып отырған кері əдеттермен күресудің жалғыз жолы – жас ұрпақты əдептілік нормаларына сай тəрбиелеудің маңыздылығы айтылады. Жас ұрпақты əдептілікке тəрбиелеу ісінде ұлттық философияның, ұлттық құндылықтардың алатын орны ерекше. Сондықтан болашақ əлеуметтік қызметкерлерді даярлау ісінде олардың бойына моральдық принциптерді сіңіру маңызды. Мақалада шығыс ойшылдарының, оның ішінде əл-Фарабидің даналық, ізгілік, мейірімділік туралы ойларына мысал келтірілген. Əлеуметтанушы В.А. Канкенің өркениет дағдарысы туралы пікірлеріне, Дж. Роулздың ақпараттық қоғамдағы əділдік қағидалары туралы ойларына сілтеме жасалған.Қазіргі заман мамандарының бойында гуманизм принципінің болуы шарт. Гуманизм əлеуметтік қызметкердің бойында гуманизм принципі мейірімділік, қарапайымдылық, мұқияттылық, сезімталдық, нақтылық, əдептілік қасиеттердің болуын міндеттейді.Сондай-ақ мақалада Қазақстан Республикасының көп ұлтты жəне көп конфессиялы мемлекет екендігі ерекше айтылып, осыған сəйкес, елімізде əртүрлі этникалық топтармен əлеуметтік жұмыстың өзіндік технологиясының қалыптасып отырғандығы баяндалған. Осы орайда, авторлар ұлтымызға тəн мейірбандық қасиеттерге тоқталған. Мақалада əлеуметтік қызметкердің тұлғалық жəне кəсіптік сапалары мен қасиеттері кеңінен талданады, əлеуметтік қызметкердің тұлғааралық сапаларына ізгілікті қасиеттерді, психикалық талдау жүргізе білуді,  педагогикалық біліктілік негіздерін білуді жатқызады. Мақалада əлеуметтік қызметкердің атқаратын функциялары, əлеуметтік қызметкердің құқықтық қатынастар жүйесіндегі білім сапасын көтеру маңыздылығы, қоғам үшін əлеуметтік қызметкердің маңыздылығын арттыру туралы жазылған. Авторлар əлеуметтік қызметкердің міндеттері қатарына Қазақстан Республикасының Заңдарын, арнаулы əлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, арнайы педагогика, психология жəне əлеуметтік жұмыс негіздерін білуді жатқызады.
2013

Қазақстан қоғамының барлық салаларындағы прогрессивтік əлеуметтік өзгерістер басқа да факторлармен қатар, модернизация ұғымымен байланысты. Модернизация Қазақстанды социумды басқарудың командалық-əкімшілік əдістерінен барлық өркениетті елдерде қолданылып отырған индустриалдыинновациялық əдістерге бағыттау мақсатын көздейтін түбегейлі саяси, экономикалық, əлеуметтік  жəне мəдени өзгерістер жүргізумен байланысты. Жаңарудың басты ерекшелігі – мемлекеттің ұлттық мүддесіне негізделген өзіндік стратегиясы мен тактикасының болуы. Қазіргі тұлғаға қоғам тарапынан ұлттық мақсаттарға сапалық жағынан сай келетін қабілеттіліктер мен дағдыларды қалыптастыру секілді үлкен міндет жүктелген. Тұлғаның дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Қоғамның жаңа өркениетті сатыға көтерілуі өз кезегінде тұлғада жалпыадамзаттық, гуманистік үлгілерге сəйкес сапалық қасиеттердің қалыптасуын əкеледі.Тұлғаның дамуындағы басты тенденция оның əлеуметтік құбылыстардың объектісінен субъектісіне айналуы. Қоғамның инновациялық мүмкіншіліктерін ескере отырып, тұлғаны дамытуда ұлттық құндылықтардың да рөлін атап өту керек.Мақалада бірқатар əлеуметтанушылардың көзқарастары мен теориялары талданған.
2013

Мақалада автор қазақ қоғамындағы теңдік жəне теңсіздік мəселесіне тоқталған, оның ішінде əйел теңсіздігі тақырыбы көбірек баяндалған. Шығыс менталитетінің жəне қоғамда қалыптасып қалған көзқарастардың гендерлік теңсіздікке əсері де айтылып кеткен. Бұл мақалада автор «Гендер» ұғымына анықтама берген жəне де оның теориялық-əдіснамалық негізіне талдау жасаған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында гендерлік саясаттың қалыптасу ерекшеліктеріне тоқталған. Қазақстан қоғамындағы гендерлік теңсіздіктің факторлары қарастырылып, гендерлік теңсіздік бойынша сандық мəліметтер көрсетіліп, еркектер мен əйелдер дискриминациясы туралы айтылған. Сондай-ақ еркектер мен əйелдердің арасындағы тең құқық үшiн күресі, олардың қоғам өмipiнe бiрдей қатысуы, яғни əйелдің, ананың, қыздардың, үй шаруашылығындағы əйелдiң жəне т.б. құқықтарын сақталуы туралы жазылған. Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың ерекшеліктері, гендерлік білім беру мəселесі, қоғамдық-саяси өмірде əйелдердің гендерлік теңдікке қол жеткізуі «гендер»,«гендерлік саясат», «гендерлік теңдік», «гендерлік рөл» ұғымдарының анықтамалары кеңінен зерттелген жəне де қоғамдық-саяси өмірдегі, отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізудің жолдары, əлеуметтенудің гендерлік аспектілері, қазіргі кезеңдегі Қазақстан əйелдерінің құқықтық жағдайы мəселелері кең ауқымда сараланып, аталып көрсетілген. Автор Қазақстан саясатындағы гендерлік теңдік жəне теңсіздік мəселесіне кішігірім зерттеу жүргізіп, ол зерттеудің нəтижелерін осы мақалада ұсынған. Осы зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстан қоғамында, соның ішінде саясатта гендерлік теңсіздік бар. Теңсіздіктің себебі – шығыс менталитеті мен «əйел саясатқа көп араласпауы керек» деген сияқты көзқарастар. Саясаттағы теңсіздіктің мысалы – əйел депутат пен министрлердің аз саны; əйелдер саясаттың əлеуметтік, денсаулық сақтау сияқты бағыттарында басым болуы қажет; əйелдер саясатта 25 пайыздай үлеске тиесілі деген тоқтамға келген.
2013

Қазақ халқының трайболизмі  – халықтың бірнеше ғасырлар  бойы қалыптасқан этникалық  қасиеті. Жүздер  мен ұлыстарға бөліну Қазақстанда бар жəне қазақ халқының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Қазақстан қоғамында жүзге бөліну сияқты тарихи-этнографиялық ерекшелік болған, өйткені ол көптеген адамдардың санасында төл мəдениеттің сақталуы үшін маңызды рөл атқарған. Əлеуметтік трайбализм – өзара көмек институттары арқылы ру мүшелеріне əлеуметтік көмек көрсету үшін генеалогиялық байланыстар негізінде белгілі бір топтардың тілектестік білдіру түрі. Көшпенді қазақтарда милиция да, балалар үйі де, қарттар үйі де жəне т.б. болмағандығы біздің бəрімізге белгілі, ал барлық осы «органдардың» маңызды функциясын ру-тайпа қауымдастығы өзі атқарған. Ру белгіленген салт жораларының негізінде ішінде тығыз да тұрақты қарым-қатынас жүретін қайсыбір корпорация ретіндегі, туыстық байланыс сезімдеріне негізделген аса маңызды əлеуметтік факторға айналады. Оның негізінде ру мен ұлт теңгерімі жатыр. Осылайша, қазақ əрқашан шағын рулық қауымдастыққа кіріккен күйде болады. Сондай-ақ бұл жүйе табысты қызмет еткен, дала төсіндегі жалпы тəртіпті ұстап тұрған, бірақ ол жетілмеген еді, өйткені жалпымемлекеттік міндеттерді шешу, мысалы, сырттан жасалған шабуылдарды тойтару үшін күштердің шоғырландырылуын қамтамасыз ету мүмкіндігін бермейтін. Қазақ халқының ру-тайпаларға бөлінуі, олардың шағын қауымдастыққа кірігуі бұл этностың айрықша белгісі, оның негізгі өзегі, руларды өзара байланыстыратын жəне қазақ қоғамы мен мемлекетін «төменнен» бастап құратын кристалдану орталығы болып табылады. Бұл жалпы нормадан ауытқыған құбылыс емес. Ол қолданыстағы саяси жүйенің ажырамас белгісі болып табылады, əлеуметтік-экономикалық даму мен саяси мəдениетке сəйкес келетін, өзіндік ерекшелігі де бар. Табиғи-климаттық жағдайлары мен географиялық орналасуына қарай ру-тайпаға бөліну қазір республиканың оңтүстік аймағында неғұрлым тұрақты сақталған. Əрине, мыңдаған жылдар бойы сынақтардан өткен, халықтың көп ғасырлық өмірлік тəжірибесімен шыңдалған, өндірісте, үлестіруде, діни əрекеттерде, басқаруда жəне т.б. анықтаушы рөл атқарған əлеуметтік-экономикалық байланыстар түрлері, өз идеологиясы бар ру-тайпа қатынастары тарих сахнасынан бірнеше жыл ішінде жəне тіпті екі-үш ұрпақ ауысқанда да жоғалып кете қойған жоқ. Бірақ сыртқы жəне ішкі факторлар əсерінен олар түрлерін өзгертті. Көшпенді қоғамның дəстүрлі құрылысына, сондай-ақ Қазақстанның Ресей империясына қосылуы əсер етті, Ресей империясы бүкіл ХІХ ғасыр бойы қазақ қоғамын басқаруды жеңілдете жəне оны жалпыресейлік заңдарға бейімдей алатын ұйымдастыру нысанын табуға əрекет жасады. Ұлттық сананы əрі қарай өзгерту ХХ ғасырдың 20-40 жылдарында байқалды. Осы кезеңде ру-тайпа бірліктері функцияларының түбегейлі қысқаруы орын алды. Осылайша, қазіргі уақытта қазақстандық қоғамның жүздер мен руларға бөлінуі алғашқы түп-тамырын сақтай отырып, саяси институт ретіндегі өзінің өзектілігін біртіндеп жоғалтуда, ол қоғамның саяси жай-күйіне, ең алдымен, жоғары билік тобына іріктеу үдерісіне қатты ықпал етпейді.
2013

Мақалада білімге негізделген инновациялық экономика дәуіріндегі интеллектуалды ресурстар, капитал теорияларына талдау жасалған. Білім экономикасы постиндустриалды экономика мен инновациялық экономиканың дамуының жоғарғы кезеңі тұрғысынан қарастырылған. Интеллектуалды капитал мен адам капиталы қоғамның постиндустриалды дамуының қайнар көзі ретінде талданған. Батыс ғылымындағы интеллектуалды капитал теориясының Қазақстан қоғамының модернизациялануы жағдайындағы өзектілігі ашып қарастырылады.
2013

Зерттеудің мақсаты – қазіргі отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен үй шаруашылығының кіріс деңгейі көрсеткіштерін сипаттайтын негізгі статистикалық мәліметтер беру және отбасының негізгі мәселелерін дәйектеу. Әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда отбасы үлгісіне қатысты әртүрлі болатын зерттеу жүйесін дамыту бойынша ғылыми негізделген кепілдемелер және әдістемелік (қолданбалы) нұсқамалар дайындау.Зерттеуде жүргізу үдерісінде экономикалық және статистикалық сараптау, салыстыру және сараптама, сондай-ақ дәйектеу арқылы баға беру сияқты әдістері пайдаланды.Бірегейлігі/құндылығы: алынған тұжырымдамалар теоретикалық тұрғыдан демографиялық жағдайдың деңгейі жоғары болғанда, заманауи отбасылары мәселелері өз шешімін тапқан кезде маңызды, сондай-ақ жастарды отбасылық өмірге дайындау барысында, рухани тәрбиелеу, мәдени және тарихи дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды сақтауға үйрету  кезінде негізгі тұрғыдан маңызды.Зерттеу нәтижелері: Қазақстан Республикасы халқының демографиялық жағдайы бойынша зерттеулік жұмыстар жоғарыда көрсетілген өзекті мәселелерді толықтай қамтыған кезде ғана оларды шешуге көмегін тигізеді.Отбасы, сәбидің дүниеге келуі, отбасы мүшелерінің денсаулығы, білім алу, сапалы өмір сүруге талпыну.Ата-аналар отбасы мәселелеріне қатысты жауапкершілікті сезген кезде ғана мемлекет тарапынан пайдалы шешілімдер таба алады. Алынған ең маңызды нәтижелер төмендегідей қорытындыланады:көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, мүгедек балалары бар отбасылар, студенттер, нарықтық қарым- қатынасқа көшкен жұмыссыз отбасыларының экономикалық жағдайлары туралы статистикалық сипаттамалар берілген;төменгі кіріс көлемін, денсаулық сақтау және білім беру (оның ішінде мектепке дейінгі мекемелер) салаларының ақылы қызмет көрсетуге ауысуы, кіріс көздерінің тұрақсыздығы, жұмыссыздық, әсіресе жастар арасында жұмыссыздықтың көбейуіне қатысты салыстырмалы сараптама дайындалды.
2013

Еңбек этикасы, еңбек өнімділігі мәселелері кез келген қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Себебі еңбек басымдыққа жеткен қоғам әрқашан басқа мемлекеттерден бірнеше табан алда болған және алда болатынын әлемдік тәжірибе мен ғалымдардың ой-пікірлері дәлелдеп отыр. Мақалада Конфуцийдің, М. Вебердің, Ли Куан Юдің, Махатхир Мохаммадтың және т.б. ғалымдардың еңбек этикасы мен еңбек өнімділігіне қатысты ой-пікірлері сарапталады. Дамудың үлгісіне айналған «Азия барыстарының» дамуындағы еңбектің рөлі мен еңбектің маңыздылығын арттыруға арналған мемлекеттік іс-шаралар салыстырылып талданады. Тарихы, салт-санасы, менталитеті, діні, мәдениеті бір Корея халқы 1945 жылдан кейін социолизмдік даму бағытын алған Солтүстік Корея және капитализмдік даму бағытын алған Оңтүстік Корея деп екіге бөлінді. Әртүрлі даму жолды таңдаған ұлты бір екі мемлекеттің жеткен жетістіктері, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мақалада сипатталады. Еңбек өнімділігі жоғары мемлекеттердің санатына Жапония мемлекетін қоса аламыз. Екінші дүниежүзілік соғыста үлкен жеңіліске ұшыраған Жапонияның экономикалық және әлеуметтік салалары әлсіреген еді. Дегенмен соғыс аяқталғаннан кейінгі 25-30 жылда Жапония әлемдегі ең қарыштап дамыған мемлекеттердің қатарына қосылды. Жапония әлемге техника мен технологияның ең жаңа түрлерін алып келді. Өмір сүруге ең қолайлы мемлекеттердің алдына шыққан Жапонияның дамуында еңбектің рөлі қарастырылады. Мемлекеттің дамуындағы еңбектің орны сипатталып, еңбекқорлықтың қалыптасуына мемлекеттік саясаттың, діннің, ділдің, психологияның, халық дәстүрінің әсері мен ықпалы талданады. Мақалада әлеуетті мемлекеттердің не себепті басқа қоғамдардан дамуы тұрғысынан алда болатындығы сарапталған. Адамның еңбегін жеңілдететін, мемлекеттің дамуына әсерін тигізетін түрлі факторлардың оң және теріс тұстары көрсетілген.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.