Экономика

Мақалада маркетингтік коммуникация жиынтығындағы маңызды компоненттердің бірден бірі — жарнама, сондай-ақ коммуникация нысандарынан ерекшелігі — оның дөрекі сипаты, ақылылығы жəне тапсырыс берушіні анықтау нақтылығы бар екендігі айтылған. Автордың ҚазХҚжƏТУ Стратегиялық даму мен мониторинг басқарма құрылымындағы коммуникациялық қызмет тəжірибесі көрсетілген. Жарнаманың экономикалық қызмет түрі мен əлеуметтік-мəдени тəртіп түрі ретінде қалыптасуы Қазақстан Республикасында бірнеше тізбектік кезеңдер арқылы есептелген. Бүгінгі таңдағы жарнама өзгешеліктері сараланған, мақсаттардың түрлері жəне жарнама нарығының сегменттері: теледидарлық, бұқаралық ақпарат құралдардағы жарнама, сыртқы жарнама нарығы, радиожарнама, Интернет-жарнама. Негізгі жарнаманың аргументтері бірнеше топқа класификацияланып зерттелген. Жарнаманы таратудағы құралдарды таңдау оның мақсаты мен міндеттерін анықтау негізінде жəне жарнамаға деген бюджетті ескере отырып, жүзеге асырылады. Автормен білім беру мекемесі үшін жарнама кампаниясын əзірлеген кезде нақтылы тізбектілік əрекеттері ұсынылған жəне маркетингтік күнтізбелік жоспар белсенділіктері əзірленген. Жарнаманы беру бағасы жайлы сұрақтар түсіндірілген, оның сауда жəне коммуникативтік нəтижелілігі көрсетілген.
2015

Мақала аймақтағы экономиканың даму мəселелерін жəне болашағын зерттеуге арналған. Аймақтың дамуы бұл экономикалық, өндірістік, техникалық, əлеуметтік, этнодемографиялық, табиғи- экологиялық жəне басқа да үрдістердің өзара байланысы арқылы сипатталды. Авторлар аймақтық басқарудың жалпы түріндегі ең басты мəселесі аймақтың экономикалық кеңістік арнасында экономикалық қорлардың айналымын реттеу жəне осының негізінде тиімді қайта өндірістік үрдісінде жатыр деген қорытындыға келді. Сонымен қатар аймақтардың экономикасының даму деңгейлерінің өз заңдылықтары бар, оның жан-жақты толықтай тіркеу негізінде аймақтың саясаты жасалу керектігі жайында ұсыныс жасады.
2015

Мақалада Қазақстанның сыртқы саудасының сыртқы жағдайы, халықаралық экономиканың даму болашағы туралы мəселелер ашылған. Сыртқы сауда экономикалық өсудің факторы ретінде экономиканың қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарады. Еуразиялық экономикалық одаққа кіру ахуалы бойынша сұрақтар қарастырылған. Əлемдік сауда туралы деректер Қазақстанның негізгі экспорттаушы ел екенін растайды, алайда ол бірқатар елдерден əлдеқайда артта қалып келе жатыр. Бұл ретте Қазақстанның əлемдік экспорттағы экспорт үлесінің өсу қарқыны бойынша рейтингтегі орныққан орны тұрақты емес. Соңғы он жылдықта (2003–2013) экспорттың құрамында күрделі өзгерістер байқалмады. Қазақстанның сыртқы саудасында осы күнге дейін оң сальдо сақталып келеді. 2013 жылы ол сальдо 33,6 млрд долл. тең болды.
2015

Мақала Қазақстандағы рекрутинг бизнесінің дамуына арналды, рекрутмент жүйесінің жіктелімі, ішкі жəне сыртқы рекрументтің еңбек нарығы жүйесіндегі орнына, рекрутингтік кластерді қалыптастыруға теориялық шолу жүргізілді. Қазақстандағы рекрутингке тоқталып, сондай-ақ салыстыру ретінде Ресейдің рекрутингтік нарығындағы жағдайы қарастырылды, қазіргі қазақстандық нарықта жоғары ақылы мамандарды іздестіру туралы айтылып, рекрутинг нарығының негізгі қиыншылығы талданды.
2015

Макалада Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) кіру мəселесі қарастырылған. Қазақстанның ЕЭО кірудегі мақсат-міндеттері белгіленіп, ұйымдағы маңызды экономикалық мəселелер талданған. Сонымен қатар ЕЭО-тың ұстанымдары мен еліміздің сыртқы экономикалық саясатының басты бағыттары да ашылық көрсетілген. Қазақстанның жаһандық бəсекеге қабілеттілік индексіндегі позициялары зерттеліп, тауар экспортының артықшылықтары талданған. Экономиканы дамытудағы негізгі даму заңдылықтары жəне бағыттары анықталған. Жалпы, Еуразиялық экономикалық одақтың XXI ғасырда жүзеге асырған ең ауқымды жоба екендігі туралы айтылған.
2015

Мақалада басқару есебі жүйесінде бюджеттендірудің экономикалық мəні қарастырылған. Кəсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінде оның рөлі анықталған, бидайды сақтау жəне өңдіру кəсіпорындарында бюджеттендіру мəселелері көрсетілген жəне осы кəсіпорындарда бюджеттендіру жүйесін енгізудің негізгі бағыттары дəлелденген. Бюджеттендіру жүйесі кəсіпорынды сапалы басқарудың жəне қабылданатын шешімдердің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бюджеттендіру жүйесін енгізудің басты мақсаты — кəсіпорынның қаржылық-экономикалық тиімділігін жəне қаржылық тұрақтылығын арттыру.
2015

Адамзаттың даму тарихында тамақтану үдерісі аса маңызды орын алатындықтан, ежелгі заманнан дами келе, қазіргі кездегі қоғамдық тамақтандыру саласы əлдеқайда үлкен жетістікке жеткен, алайда көп жақтары əлі де жақсару, жетілдіру бағыттарын талап етеді. Мақалада ҚР мейрамханаларындағы қазіргі кездегі тұтынушыларға қызмет көрсету сапасы мен мəселелері қарастырылып, оларды шешу жолдарына ізденіс жасалған. Қазіргі уақытта Қазақстанның қоғамдық тамақтандыру саласында көптеген мейрамханалар əрекет етеді, жəне де олардың негізгі бөлігі үлкен қалаларда шоғырланған. Сондықтанда олардың арасындағы бəсекелестікте сол жерлерде жоғарылайды. Осы күреске төтеп беру үшін, мейрамханалар көрсететін қызмет сапасын жоғарылатуы, бəсекелестік қабілетті бағаны ұстауы, басқа əдістермен əлеуетті тапсырыскерлерді өзіне тартуы керек. Осы саладағы зерттеулер арқылы қазіргі тамақтану орындарындағы қызмет көрсету сапасын дамыту жəне жетілдіру жолдары қарастырылған.
2015

Моноқалалардағы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы барлық əлеуметтік-экономикалық үдерістердің тұрақсыздығына алып келуде жəне ол халықтың көп бөлігіне əсерін тигізуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда моноқалалардың экономикалық дамуының ғылыми əдістемесінің бағалауы нашар əзірленген, ал ол, өз кезегінде, бұл жағдайда аса маңызға ие. Қазіргі заманғы моноқалалардың теориялық аспектілерінің əдістемесі мен негізін қалаушы əр түрлі экономикалық ойлардың мектептері мен бағыттары бір-бірімен тығыз байланысты жəне олар моноқалалардың оңтайлы жұмыс істеу тəжірибесі мен əлеуметтік-экономикалық дамуының тиімді мемлекеттік реттеуін анықтайды. Əлемдік экономиканың тəжірибесінде моноқалалардың қалыптасу үрдісі мен дамуына қоғамның өндіру күштерін бөлу теориясы елеулі əсерін тигізді жəне оның негіздерін қалаушы неоклассикалық экономикалық бағыттың өкілдері болды.
2015

Мақалада қазіргі таңда туристік нарықта ұсынылатын туристік өнімнің көптүрлігі, сонымен бірге көптеген мемлекеттермен өнімдердің ұқсастығы үлкен бəсекелестік жағдайында екендігі айтылған. Мұндай шарттарда ұсынатын өнімге жаңа позицияны табу, жеке алынған сегментті кеңейту қиындық туғызады. Туристік сала шетелдік туристерді де, отандық саяхатшыларды да қызықтыра алатын, өзіндік брендті қалыптастыруға көмектесетін ерекше өнім ұсынуға тиіс дейді. Сондықтан да брендинг мəселесі отандық туристік индустрияны толғандыратын мəселелердің бірі, ал оның жағымды шешімі үшін бренд-менеджменттің тұжырымдамалық негіздерін шешу қажет. Авторлар маркетингтік іс- шаралардың дұрысын таңдауға мүмкіндік беретін бренд-менеджмент тұғырларының дамуын жан- жақты талдаған.
2016

Мақалада «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің филиалы «Балқаштүстімет» ӨБ мысалында ақша қаражаттарын талдау жəне бюджеттеу мəселелері қарастырылған. 2013–2014 жылдарға зерттеліп отырған кəсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысының талдауы жасалған. Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау қызмет түрлері бойынша жүргізілген, сонымен қатар ақша қаражаттарының қозғалысының есебін құру əдістері қарастырылған. Бюджеттеу мүмкіндіктері зерттеліп, оның қажеттілігі, артықшылықтары жəне кемшіліктері зерттелген. Ақша қаражаттарының бюджетін құру тəсілдері айқындалып, зертеп отырған кəсіпорынның мəліметтеріне сүйеніп, 2016 жылдың 1 тоқсанына ақша қаражаттарының бюджеті жасалған.
2016

Кез келген қоғамның жан-жақты дамуы тек экономикалық өсу мен шаруашылық өмірдің даму қарқынына ғана тəуелді болмай, сонымен бірге өркениеттің прогрессивті тенденцияларының дамуына сəйкес келуі қажет. Əрбір қоғам белгілі бір дəрежеде экономикалық өсудің жағымсыз салдарынан қорғауды қажет етеді. Адамзат қоғамы дамуының əр түрлі экономикалық жүйелерінде кедей, əл- ауқаты төмен тұрғындардың мəселесі, оларға көмек жəне қолдау көрсету əдістері маңызды орын алып, өз ерекшеліктерін иеленді. Осы тұрғыда мемлекет алдында тұрғындарды əлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік кепілдемелер мен ең төменгі əлеуметтік стандарттар деңгейін белгілеу ерекшеліктері аса маңызды.
2016

Мақалада мемлекеттік инвестициялық саясаттың негізгі тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстандағы инвестицияларды басқару жүйесін жетілдіру механизмдерінің басымды бағыттары қарастырылған. Мемлекеттік-жеке серіктестіктердің базалық принциптері көрсетілген. Мемлекеттік-жеке серіктестіктің əлемдік тəжірибесінің қазіргі заманғы экономикаға тиімді жақтары мен болашағына ерекше назар аударылған. ЕЭА-ты құрудың тиімділігіне талдау жасалды.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.