Қарағанды университетiнiң хабаршысы

«Өнер тарихы жəне теориясы» пəні арқылы студенттердің шығармашылық іс-əрекеттерін жетілдіру маңызы қарастырылған. Жоғары білім беру жүйесінде болашақ өнер мамандарының шығармашылық іс-əрекеттерін жетілдіруге қатысты нақты ғылыми-өнертанымдық білімдер талданған. Студенттердің өнер тарихы жəне теориясы негізінде өнертанымдық қабілет жетілдіруге бағытталған арнайы дайындықтың маңыздылығы зерттелген. Бұл бағыттағы студенттердің өнертанымдық білімдерінің мүмкіндіктері оқу үдерісінде толық ашылу əдістемесі қарастырылған. Өнер тарихы сабағында бейнелеу өнерінің тарихы жəне теориялық даму процесінің білім алудағы ерекшеліктері анықталған.
2012

Мақалада дене тəрбиесі жүйесін қайта құрудың педагогикалық жолдары қарастырылған. Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыратын бағдарламаны құру үшін жалпы білім беру мекемелері оқушыларының дене тəрбиесін құру концепциясы талданды. Экологиялық ахуалдың нашарлауы, қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық дағдарыс секілді мектеп оқушыларының денсаулығына теріс əсер ететін факторлар анықталды. Сондай-ақ салауатты өмір салты адамгершілік-рухани байлықты, тиімді қимыл-қозғалыс тəртібін тəрбиелейтіндігі сипатталған. Дене тəрбиесі мен сауықтыру іс- шараларындағы білім, біліктілік жəне дағдыларды игеру деңгейіне жүргізілген талдау оларды салауатты өмір салтының маңызды көрсеткіштері болып табылатындығын анықтады
2012

 Мақалада сызу сабақтарында оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру сұрақтары қарастырылған. Автор мультимедиалық технологияны сызу сабағында қолдану мүмкіндіктеріне көңіл бөлген. Оқушылардың теориялық ойлауын, көрнекі-нақтылау, көрнекі- үлгілеу арқылы дамыту үрдісін белсендіру тəсілдері мен құрылғылары туралы жазған. Ұсынылған тəсілдер мен құрылғылар оқытуды қабылдаудың тəсілдерін шешу есептерімен мақсатқа жетуді көздейді.
2012

Мақалада интерактивті тақтаны жоғары оқу орындарындағы оқу үрдісінде пайдалану мүмкіндіктері мен артықшылығы сипатталды. ХХІ ғасырға қадам жасау жоғары технологиялар негізінде қоғамды дамытуға талап қойды. Интерактивті тақтаны қолдану студент бойында кəсіби салаларда аталған құралдың мүмкіндіктерін арттыра білу қасиетін қалыптастыратындығы, өз қызметіне деген қызығушылығын тудыратындығы талданған. Сонымен қатар интерактивті тақтаны пайдалану заман талабы болып табылатындығы көрсетілген. Бүгінгі таңда оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ақпараттық технологиялардың берер мүмкіндіктерінің артықшылықтары баяндалды.
2012

Мақалада жоғары оқу орындарында графикалық пəндерді оқытудың сапасы мен тиімділігін арттыру мəселелері, инженерлі-графикалық пəндердің сапасын бағалау мен оқыту əдістемесі, сонымен қатар дəріс жəне тəжірибелік сабақтарды тиімді жүргізу жоғары оқу орындарындағы мамандарды дайындаудағы бағалау жүйесін қамтамасыз ету жолдары қарастырылған. Студенттердің үй тапсырмаларын орындаудағы жобаларды жасау мəдениетінің тəсілдері графикалық үлгілер түрінде анықталған. Жобаларды жасауда кезеңдік нұсқаулар жəне олардың кемшіліктерін жою жолдары ұсынылған.  
2012

 Мақалада білім беру қызметі саласында мамандардың кəсіптік біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау үздіксіз үрдіс мəні мен орны қарастырылды. Авторлар білімділікті арттырудың үздіксіздігі ұлт мектебінің 12 жылдық білім деңгейіне көшу үдерісінде ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тəжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бəсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру мəселелеріне талдау жасаған.
2014

Мақалада жалпы білім беру жүйесіндегі көптілді білім беру жүйесі зерттелді. Қазіргі кезде көптілді білім кеңістігінің дамуы Қазақстан үшін тəн жағдай, себебі көптілділік үштілділікке қарағанда: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білумен қатар, ана тілін меңгеруді де қарастырады. Сонымен қатар Қазақстанда қостілділік пен үштілділіктің негізі болып табылатын мемлекеттік тіл болуы қажет. Аталған мəселе үштілділікті мемлекеттік тіл негізінде дамытқан кезде ғана дұрыс шешімін табады. Қазақ тілі көшбасшы тіл ретінде біздің еліміздегі жүргізіліп отырған тіл саясатында өзіндік мəртебесін біртіндеп арттырып келеді.
2015

Мақалада патшалық Ресейдің «бұратана» халықтарға, оның ішінде қазақтарға бағытталған білім беру саясаты туралы айтылған. Авторлар осы білім беру саясатына Екатерина II тұсында шекаралас қазақ жерлерінде əр түрлі мектептердің оқу-тəрбие мазмұнына сипаттама берген. Оның ішінде мешіт жанында мұсылман мектептер мен медреселер ашылып қалыптасуына тоқталған. Онда білім алған қазақ балалары ресей оқу орындарында оқуын жалғастыруына жағдай жасалғаны туралы кеңінен сөз болған. Сондай-ақ Бөкей Ордасындағы Жəңгір ханның жаңа теңденциядағы мұсылмандық білімнің дамуына себеп болып ықпал еткеніне талдау жасалған.
2015

 Мақалада тарихта аты қалған Білге, Күлтегін, Тоныкөк сықылды батырлар мен ІХ ғасырдағы түркі халқының ұлы ойшылдарының еңбектеріндегі отбасы педагогикасының ғұмырлық маңызы, отбасындағы қыз бала мен ер бала тəрбиесіне жауапты ата-ананың рөлі, қазаққа мұра болып қалыптасқан діл, тектілік, ұлттық рух, дін, ұлттық мінез-құлық, балаға өмір бойы азық болатын тəрбиенің қайнар көзі отбасындағы тəрбие, отбасы өмірінің материалдық жəне рухани құндылықтары туралы білім беру мəселелері жан-жақты қарастырылған.
2015

Мақалада отбасылық тəрбиенің ерекшеліктері, баланы əлеуметтендіру факторы ретіндегі отбасылық қатынастардың сипаттамалары, отбасылық тəрбиенің мəнері, отбасылық тəрбиенің педагогикалық негіздері ашылып көрсетілген. Отбасы адам өзінің онымен байланысын бүкіл өмірінде сезініп өтетін, баланың қоршаған ортаға деген пікірі реттелетін, адамгершіліктің бастапқы сабақтарын алатын алғашқы тəрбие институты ретінде көрініс берген. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, ата- ана беделі, бала тəрбиесіндегі ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс мəселелері қарастырылған.
2015

Мақалада мектептегі жоғары сынып оқушыларының бейорганикалық жəне органикалық химия сабақтарына экология негіздерін кірістіре оқытуды ұйымдастыру жағдайына талдау жасалынып, оны сабақта жəне сабақтан тыс кезеңдерде жүзеге асырудың формалары мен əдіс-тəсілдері қарастырылған. Авторлар осы тəсілдердің тиімділігін тəжірибелік эксперимент барысында тексеріп, ғылыми болжамның дұрыстығына көз жеткізген.
2015

Мақалада білім беру сапасын көтеру, болашақ мұғалімді даярлау мəселесі айтылған. Аталмыш мəселеде педагогикалық инновацияны пайдалану проблемасы болашақ педагогтарын даярлаудың аспектісі ретінде алынды. Сондықтан болашақ мұғалімдерді даярлауда педагогикалық инновацияны пайдалану ерекшелігін қарастыру керек. Оларды даярлауда арнайы курстың маңыздылығы көрсетілді. Болашақ мұғалімдерді даярлауда педагогикалық инновацияны пайдалану жөнінде арнайы курстың мазмұны, мақсат, міндеттері, құрылымы ұсынылды. Оқу процесінде енгізілген арнайы курстың нəтижелері талданды.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.