Органдар

Бұл мақалада ішкі істер органдарының үлгісінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызмет етуімен бірге азаматтардың бостандығы мен құқығына қатысты жеке сұрақтар қарастырылады. Автор өз сұрақтарына шешім шығарып, полиция органдарының əкімшілік қызметінің ерекшелігіне байланысты, сонымен бірге қолданбалы жəне теориялық аспектіге азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау кепілдігін баяндайды.
2012

Жемқорлықтың алдын алу мәселелерін жетілдіру және оны құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің тәжірибесінде қолдану тиімділігін арттыру жолдары теориялық тұрғыдан қарастырылған. Сондай-ақ жемқорлықпен күрес және оның алдын алу шараларын жаңғырту бойынша ұсыныс сипатындағы тұжырымдарды жасау және заңдарға енгізу мәселелері қарастырылған.
2013

Кеден органдары өзінің міндеттерін басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып атқарады. Кеден органдарының мемлекеттік органдар жүйесіндегі орнын алдымен оның атқарып отырған қызметтерінің түрлеріне жəне оның қайсы функциясына басым мəн беріліп отырғандығына қарап анықтауға болады. Кеден органдары өзінің фискалдық, реттеушілік жəне қорғаушылық қызметтеріне сай мемлекеттің басқа да атқарушы органдарымен (күш, қаржы т.б. ведомстволармен), банк жүйесімен (валюта бақылауы бойынша), түрлі экономикалық субъектілермен, сыртқы экономикалық əрекетке қатысушы жеке жəне заңды тұлғалармен қоян-қолтық қарым-қатынас жасайды.
2010

Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдар мен өзге нормативтік-құқықтық актілері мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, олардың лауазымды тұлғаларының құқықтық мəртебесін сипаттай келе, «құқық», «міндет», «өкілеттік», «құзырет», тағы сол сияқты түсініктерді қолданады. Билік органының құқықтық мəртебесінің негізгі құраушы бөлігі болып құзырет табылады, құқықтық мəртебеге органның функциялары, мақсаттары мен міндеттері, билік органы құрылымында алатын орны жəне басқа органдармен тік жəне көлбеу өзара байланысы жатады. Орган құзыретінің анықтаушы элементі болып оның өкілеттігі табылады. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі «өкілеттікті» істі жүргізу мен кез келген əрекет үшін біреуге арнайы тапсырылған құқық ретінде анықтайды. Заң ғылымы, əдетте, өкілеттікті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, сонымен қатар қабылданған заңдардағы функцияларды белгілі бір тəртіпте жүзеге асыру үшін лауазымды жəне өзге де тұлғаларға бекітілген құқықтар мен міндеттерінің жиынтығын білдіру үшін қолданады.
2010

КСРО-ның ыдырауынан кейін Қазақстанда демократиялық жəне құқықтық мемлекет құрудың негізі ретінде үш тармақты билікке бөліну концепциясын ұстану үрдістері мемлекеттік басқару органдарының құқықтық табиғаты мен олардың қоғам дамуындағы орнына деген көзқарасты өзгертті жəне қоғамның конституциялық модернизациялануының жаңа кезеңінің басталуының негізін қалыптастырды. Қазақстандағы конституциялық реформалар нəтижесінде кеңестік типтегі атқару органдары жүйесінен классикалық үлгідегі атқару органдары жүйесіне көшу үрдісі жүрді. Атқару билігі мемлекеттік биліктің заңшығарушы жəне сот билігі тармақтарымен қызметі барысында тығыз өзара əрекет ететін «салыстырмалы тəуелсіз» билік тармағына жатады. Біздің ойымызша, билік тармақтарының тəуелсіздігінің абсолюттенуі мемлекеттік билік институттарының қызмет ету механизміне негативті салдар əкелуі ықтимал. Мысалы, 90-шы жылдардың басында билік тармақтары арасына мемлекеттегі нақты жағдайға объективті баға бермей, бір-бірінің қызметіне араласу байқалды. Əсіресе ол Жоғарғы Кеңестік Министрлер Кабинетінің қызметіне араласуынан көрініс тапты. Осындай мемлекеттік билік механизміндегі беталыстар бюджеттік-құқықтық қатынастарды да қамтыды. Сондықтан да Қазақстанның конституциялық дамуы барысында күшті президенттік биліктің болуы нақты жағдайға негізделген объективті фактор болып табылады.
2010

Мақалада Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметін үйлестірудің нормативтік негіздерінің қалыптасуы мен дамуы сұрақтары қарастырылған. Прокуратура функциясын үйлестіруді жүзеге асыру тəжірибесі осы қызметті заңдық реттеуге анықталған ақаулықтардың бар екендігін көрсетті, яғни жекелеген құқықтық нормалар талқылауда үйлестіруді жүзеге асырудың жалпы ережелерін қалыптастыруда прокурорлық қадағалау өкілеттілік үйлестірумен араласып кеткен. Авторлардың пікірі бойынша, прокуратура органдарының қызметін үйлестіруге қатысты ҚР арнайы заңы қажет.
2013

Мақалада қылмыстылықпен күрестегі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел-тергеу топтары қызметінің кейбір ұйымдастырушылық аспектілері қарастырылды. Жедел-тергеу топтарының ішіндегі криминалды полиция аппараттарының жедел қызметкерлері мен тергеу бөліністерінің тергеушілерінің, сондай-ақ басқа да қатыстырылған қызметкерлердің өзара іс-қимыл жасасу сұрақтары зерделенді. Сонымен қатар жеткілікті ғылыми-теориялық жəне практикалық тұрғыда жедел-тергеу топтарының ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылымдарының түрлері зерттеліп, соның нəтижесінде олардың неғұрлым тиімдісін анықтауға талпыныс жасалған.
2016