Статьи, город Қарағанды

Білім беру саясатының реформалануы дəстүрлі жүйенің диверсификациялануына, оның эконо- мика, əлеуметтік жəне қоғамдық өмірге тиімді екенін, сонымен бірге білім беру жүйесімен интегра- циялануына əкелді. Соның арқасында көп сатылы, үздіксіз жалпы (əркімнің қалауы бойынша қолы жететін), еркін жəне оқытудың плюрализмін қамтамасыз ететін қашықтықтан білім беруді қабылдадық. Бұдан сапалы оқу базасын сақтап, электронды окулықтар (ЭО) құру проблемасына келдік: ол дəстүрлі оқулықтар мен компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін біріктіретін жаңа ұрпақтың əдебиеті. Дəстүрлі оқулықпен салыстырсақ, электрондық оқулықтың көптеген ерекшеліктерін атап айтуға болады.
2011

Қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім рөлін ешнəрсемен ауыстыруға болмайтындығын халықаралық тəжірибелер көрсетіп отыр. Демек, мұғалімнің біліктілігі бұл еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты, басты кепілдігі болып табылады. Білімді ұрпақты, бəсекеге қабілетті мамандарды білімді мұғалімдер, жан-жақты кемел ұстаздар ғана тəрбиелеп шығара алады. Білімді педагог кадрларды əзірлеу жəне қалыптастыру мəселелері біздің бүгінгі қоғамымыздың ең көкейкесті мұраттарының бірі болып отыр.
2011

  Қазіргі жағдайда оқушылар экономикалық ғылым негіздерінің жеткілікті аяқталған жəне қорытылған түрде қоғам өмірі мен өндіріске кірісуге көмек беретін немесе жоғарғы білім алу үшін негіз болатын білімді меңгеру керек. Олар өмірдің əлеуметтік-экономикалық сұраныстарын, өз қызығуларын тану талпынысын жəне мүмкіндігін, қоғамдық əрекеттенуіне жеткілікті түрде еркін бағдар алуы тиіс [1].
2011

Қазiргi бiлiм беретiн тəжiрибенiң инновациялық тұғырларының бiрі педагогикалық мониторинг- ті өңдеу жəне жүзеге асыру болып табылады. Педагогикада мониторингті былайша түсінуге болады: оқу үдерісін толассыз, ұзақ қадағалау жəне оны басқару; оқыту жəне тəрбиелеу жағдайын ұзақ қадағалау жəне қатысушыларды қолайсыз, кризистік жə- не реттіз ахуалдар болуы ықтимал екенін дер кезінде хабардар ету арқылы осы процестерді басқару [1];
2011

Əр ғылым сияқты, əдістеме ғылымы да бір орында тұрмайды. Оқыту мақсатының жəне оқыту тəжірибесінің дамуы əдістемеде жаңа үрдістердің пайда болуына жəне бекітілуіне, сол жəне басқа да тəсілдердің жүзеге асырылуына, нақты мақсаттардың енгізілуіне апарып соғады. Сондықтан да, шетел тілін оқыту əдістемесінде негізгі кезең — коммуникативті тəсілдің бекітілу мəселесі əбден заңды болып табылуында. Қазіргі оқыту үрдісінің ерекше белгісі жəне онымен жетекші бағыт беретін қағидалары қатынас мақсатында, жазбаша жəне ауызша білім алмасуда, хабарламаларда жəне т.б. тілді белсенді қолдану болып табылады. Қарым-қатынас қағидасы əр түрлі мақсатта шетел тілін меңгерудің тəжірибелік дағдыларын дамытуды жəне тіл үйренушілердің пəнге деген қызығушылықтарын арттыруды қамтамасыз етеді. Коммуникативтілік қарым-қатынастың нақты мақсаттары мен міндеттерінде оқытудың ең бастапқы сатыларынан бастап үйреніп отырған тілді қолдануды болжайды.
2012

Белсенділік — бұл оқушының белгілі мақсатқа ұмтылған əрекеті, мазмұнды, көлемді оқу қолданылатын жəне қызығушылығын тудыратын, белсенділігін арттыратын, шығармашылықты арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қалыптасуы жəне оларды тəжірибеде қолдануға бағыттай білу. Бұл ой еңбегінің құлдырауы жəне тоқтап қалуынан сақтайтын, жігерлі, мақсатты бағытталған жүйелі іс-əрекет.
2012


Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы, қоғамның даму қарқыны білім берудің міндеттерін қайта қарауды талап етеді. Қазіргі жалпы білім берудің ұлттық деңгейіндегі басты міндеттердің бірі — əлеуметтік, экономикалық жəне саяси өмірге белсенді қатысуға дайын құзыреттілігі қалаптасқан шығармашыл тұлғаны қалыптастыру. Қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі — жеке адамның шығармашылық, рухани жəне күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту», — деп атап көрсетілген. Осы міндетке сəйкес оқушының ой-өрісін дамытып, белсенділік іс- əрекетке түсе алатын тұлғаны қалыптастыруда оқу экспериментінің орны ерекше [1].
2012

Қазақстан — бүгінгі таңда өз алдына дербес мемлекет. Егемен ел ретінде шет елдермен қарым- қатынасы нығайып, беделі артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды, жақсартуды талап етеді. Ал оқытуды жақсарту дегеніміз — оқушылардың пəнге деген қызығушылығын ояту. Бұл мақаланың мақсаттары: тіл үйретуде ойындардың маңызы, тіл мамандарының ойын қолданысы туралы ой- пікірлерін салыстыру, мысалдар арқылы ойындардың тиімділігін анықтау. Қазіргі кездегі мектептердің басты мақсаты балаларға заманға сай білім беруді ұйымдастыру жəне жүзеге асыру болып табылады. Яғни мұғалім оқушыға білім беру барысында оның кəсіби мəдениеті мəселені көру жəне оны шешу жолдарын таба білу, алдына қойған міндеттерді шығармашылықпен орындау қабілеттерін дамыту керек. Ол үшін білім беру процесі барысында ұстаздар қазіргі заманға сай педогогикалық технологиялар əдістер жəне оқу-əдістемелік кешендерді қолдана білу қажет. Əсіресе тілді үйрету барысында мұғалім оқыту процесін жетілдіру жəне дамыту мақсатында өзінің педагогикалық шеберлігін сабақ барысында қолданатын əдіс-тəсілдер, оқу- əдістемелік құралдар мен тағы да басқа білім беру процесінің элементтерін дамытып, балалардың шет тілін үйрену, білу деңгейін көтеруі тиіс.
2012

 Мемлекеттің экономикалық жəне əлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтардың білім деңгейімен анықталатыны белгілі. XXI ғасыр — жаһандық жаңалықтар мен білімнің дəуірлеу ғасыры, өйткені ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде, сондай-ақ əлемдік нарықтағы, əлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруде айырықша маңызды рөл атқарады. Жоғары білімді дамыту процесі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің əлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру жəне ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады. Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесінің бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылады.
2012

Қазіргі кезеңдегі студент-спортшылар дайындау жүйесі өзіндік мақсаты, міндеттері, құралдары, əдістері, ұйымдастыру түрлері мен материалдық-техникалық шарттары бар. Студенттерді ең жоғары спорттық нəтижелерге жеткізу күрделі де көп факторлы құбылыс болып табылады. Сонымен қатар студент-спортшыны жарыстарға дайындайтын ұйымдастырылған педагогикалық үрдіс қажет. Əйел футболшылардың жалпыкомандалық жаттығуымен қатар, жеке ойыншылардың арнайы дайындауын қамтамасыз еткен де жөн. Футболшылардың техникалық дағдылары қарапайым, жылдам болуға тиісті. Бұл дағдыларды əбден жетілгенге дейін ойыншылардың жеке ерекшеліктерімен сəйкестендіре дамыту қажет [1].
2012

Ғасырлар шебінде ұсынылып отырған білім берудің сапасы қоғамның шетел тілдерін игеруге деген сұранысын қанағаттандыра алмады. Осының салдарынан шетел тілдері даярлығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету əрекеті ретінде шетел тілдерін оқытуда аласапыран пайда болды [1; 45]. Демек, келесі іс-шараларды жедел түрде қолға алу қажеттігі туындады.
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.