Шетелдік тәжірибе

Бұл мақалада ядролық қарудан азат аймақтар құрудың халықаралық тәжірибесіне талдау жасалған. Латын Америкасы, Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі, Антарктидадағы ядролық қарудан азат аймақтардың (ЯҚАА) өңірлік ерекшеліктері және келіссөздер барысындағы түйткілді мәселелер көрсетілген. Аталмыш аймақтардағы ЯҚАА құрудың геосаяси маңызы олардың орналасу жеріне байланысты маңыздылығы атап өтілді. Ядролық қаруды таратпау мен ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ЯҚАА құру үдерісінің тарихи маңызы көрсетілген. Аталған аймақтар қалыптасуының халықаралық тәжірибесі сипатталып, әлемнің әртүрлі аймақтарында ЯҚАА-ның халықаралық-құқықтық мәртебесін шарттармен рәсімделуі талданған. Автор, ядролық қарусыз аймақтар идеясының дамуы мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ядролық қаруды таратпау тәртібін сақтауға жол ашады деген тұжырым жасайды.
2015

Мақалада экономикалық интеграцияның еуропалық тәжірибесі және оның ЕЭО қалыптасуы мен дамуын қабылдау түрлері қарасты­ рылады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикадағы мемлекетаралық инновациялық кеңістігін қалыптастыру мүмкіндігі бағаланады. Бұл жұмыста заманауи интеграциялық үдерістерге тал­ дау жүргізіледі. Зерттеудегі негізгі екпін екі түрлі интеграциялық топтарды салыстыруға жасалған: Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) және Еуропалық одақ (ЕО). Және де бұл мақалада Еуропалық одақ және Еуразиялық экономикалық одақ экономикалық интегра­ цияның ерекшеліктері салыстырмалы талданады, сонымен қатар қатысушы елдер үшін салдары зерттеледі. ЕО толығырақ талдануы жас еуразиялық интеграцияға болашақтағы қателіктердің алдын алу­ ға мүмкіндік береді. Бұрыңғы социалистік мемлекеттердің уақыт өте және сауатты интеграциялануы өзекті болып қалған тарихи байла­ ныстардың жаңғыруына ықпал етеді.
2016

Қазіргі әлемдік экономиканың дамуының маңызды мәселелерінің бірі – әлемнің кедей немесе «төмен дамыған елдері». Халықаралық ұйымдардың тарапынан қаржылық, техникалық және гуманитарлық көмек көрсетілетін өзіндік негізгі сипаттары бар БҰҰ­мен ресми түр­ де мойындалған елдер категориясы. Мақалада төмен дамыған елдер­ дің әртүрлі әлеуметтік­экономикалық сипаттары, олардың артта қалу себептері, осы себептердің тығыз өзара шарттастығы, ресми көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері қарастырылған. Қазіргі кезде ең төмен дамыған елдерге ресми көмек көрсетуді ұйымдастыру мақса­ тында бірнеше бағдарламалар мен жобалар бар. Алайда, бұл көмектің мөлшері және тиімділігі жеткіліксіз. Мақала авторлары көмек көрсе­ туді ұйымдастырудың бұл механизмін өзгертіп, жеке кәсіпорындар арасында тендер ұйымдастыру арқылы ең төмен дамыған елдерге тікелей әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілердің құрылы­ сына қаржы бөлуді  ұсынады.
2016
Әлемдегі төмен дамыған елдер тобы: артта қалу себептері мен мәселелерін шешу жолдары

Елдің геосаяси және геоэкономикалық мүдделерін жүзеге асыру ісіндегі маңызды орынды ғылым және білім саласындағы байланыс­ тар алады. Олар қазіргі таңда мемлекеттер сыртқы саясатының ма­ ңызды да тиімді құралына айналып отыр. Бұл байланыстар мәдени дипломатияның негізін құрайды. Мәдени дипломатия – елдің сырт­ қы саясатының негізгі мақсаттарының нысаны және құралы ретінде, дипломатиялық қызметтің ерекше саласы болып табылады. Қазақ­ стан Республикасының стратегиялық әріптесі болып табылатын Ре­ сей Федерациясы да әлемнің өзге мемлекеттері сияқты, қазіргі таңда ұлттық мүдделерін жүзеге асыру мақсатында негізгі назарын мәдени дипломатияға аударып отыр. Осыған байланысты мақалада, мәдени дипломатия ұғымының тұжырымдамалық негіздеріне талдау жаса­ лынып, Ресей мәдени дипломатиясының мақсаты, негізгі бағыттары, қозғаушы  күштері қарастырылады.
2016

Мақалада Моңғолияның қазіргі саясатына талдау жасалып, сырт­ қы саясатының негізгі бағыттары ашылып, ұлттық қауіпсіздік тұжы­ рымдамасы және сыртқы саяси құжаттары қарастырылады. Қазір Моңғолия әлемдегі және аймақтағы ықпалды мемлекеттермен қа­ тынастарын дамытуды көздей отырып, қандай да бір елге тәуелді болмауға тырысады. Моңғолияға сырттан әскери қауіп төнбеген жағ­ дайда қандай да бір әскери ұйымға қосылмау, жер аумағы және әуе кеңістігін қандай да бір елге қарсы пайдаландырмау, территорияға шетелдік әскери күш еңгізбеу, орналастырмау, транзит арқылы өткіз­ беу саясатын ұстанады. Мақалада ашық қоғам саясатын қабылдаған Моңғолияның саяси күштер арасында тепе­теңдік таба отырып, көп­ векторлы сыртқы саясат жүргізетіндігі туралы қорытынды жасалады
2016

Мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлудің классикалық теориясы осыдан 200 жылдан астам уақыт бұрын жасалғаны белгілі. Осы уақыт ішінде адамзат пен қоғамның сан алуандылығына байланысты мемлекеттік билік аясында жаңа институттар мен тетіктер қалыптасты. Бұл теориядан тысқары мемлекеттік биліктің жаңа тармақтары да пайда болды. Мемлекет атынан әрекет ету құқығы жаңа мемлекеттік билік және өзге органдарға, құрылымдарға берілді немесе олар оны өз табиғатына орай иемденді.
2009

Отбасы қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кімде кім болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және қорғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекетте белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау қажет. Отбасы және неке мәселесі коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекеттен болуы, олардың некелеріндегі жастарының айырмашылығы, әрекет қабілеттігі, сонымен қатар, некенің қай уақытта тоқтатылатындығы, неке бұзылған соң алимент өндіру туралы мәселелер шешілуі қиын  мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында «Неке және отбасы» Заңы шетел мемлекетінің азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтарына да қолданылады. Шетел мемлекеттерінің отбасы заңнамаларының заңды  күші бар нормалары Қазақстан Республикасын азаматтарының отбасы қатынастарын реттейді. Сондықтан шетел мемлекеттерінің отбасы заңнамаларының нормалары Қазақстан Республикасының отбасы қатынасын реттейтін заңнамасына байланысты реттеледі.
2009

 1995 жылы 6 қаңтар күні Ресей мен Беларусь арасында жасалған Кеден одағы туралы Келісім [1] ерекше маңыздылыққа ие, өйткені кейін бұл екі жақты Келісім басқа мемлекеттердің қосылуы арқылы көп жақты шартқа айналып, түбінде Еуразиялық Экономикалық  Қауымдастықтың құрылуына алып келді. Бұл құжаттың негізінде 1995 жылдың 20 қаңтарында үш мемлекеттің яғни Беларусь, Ресей және Қазақстанның Кеден одағы туралы бөлек Келісімі жасалды [2].
2010

Дүние жүзі бойынша əрбір елдің Конституциясында сот жүйесінің нысаны (құрылымы), оның құрамына жалпы соттардан өзге мамандандырылған соттардың құрылатындығы да бекітіледі. Əрине бір айта кетер жайт, бұл зерттеуде таңдалмалы түрде тек ғана өмірлік іс тəжірибесі мол, ертеректе құрылған мамандандырылған соттарға ғана шолу жасалады. Қазақстанда да құрылып, не болмаса құрылу үстінде дайындық жасалып жатқан соттарға ғана тоқталып өтетініміз анық. Олар, яғни əскери, экономикалық, əкімшілік, қаржы  жəне ювеналды соттар болып отыр. Мұндай соттардың қызмет ерекшелігін қарастыруда біз тек өркениетті жоғары дамыған - АҚШ, Франция жəне Германия елдеріне тоқталмақпыз. Ең алдымен сот жүйесінің, əсіресе, мамандандырылған соттар туралы, осы аталған елдерде Конституцияларындағы бекітілуіне тоқтала кетейік.
2010

Ресей минералды шикізатты өндіруде əлемде алдыңғы орынға ие. Ресейдің жер қойнауы əлем бойынша мұнайдың 12-13%, газдың 32%, көмірдің 11%, темірдің 26%, никельдің 36%, кобольттың 18%, мырыштың 10%, мыстың 15%, қорын құрайды. Алмаз, платина, алтын, күміс, титан, цирконий жəне жерде жиі кездеспейтін металдардың қоры бойынша Ресей əлем елдері арасында алғашқы үштікке кіреді. Өткен ғасырдың 90 жылдарында Ресейдің пайдалы қазбаларының негізгі түрлері баланстық қоры бойынша 30 триллион АҚШ долларына бағаланды, ал баламалық қоры 150 триллион болып бағаланды.
2011

Табиғат – бүкіл əлем. Табиғат – адамның өмір сүретін ортасы. Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Табиғат-Ананы аялап, оны келер ұрпаққа жеткізу – ел бола- шағын  ойлайтын  кез келген  жанның  азаматтық  парызы.
2011

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның қолайлы қоршаған ортамен қамтамасыз етілуіне кепілдік беріп отыр жəне бұл маңызды жəне міндетті элементі, ұтымды табиғат пайдалану мен экологиялық қауіпсіздікті басқару тетігінің стратегиясын жасау болып табылатын тиімді əлеуметтік-экономикалық саясаттың қажеттігін негіздейді [1].
2011