Құқық

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 ж. 30 наурыздағы № 2155 Қазақстан Республикасы Заңының ауқымында Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылуы, деңгейлері, құрылымы, жұмыс істеуі; Қазақстан Республикасының (мемлекеттің) орталық банкі Қазақстан Ұлттық Банкінің айрықша қаржылық-несиелік құзыреті бар уәкілетті мемлекеттік орган және мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға ретіндегі өкілеттіктері мен банктік операциялары; Қазақстан Ұлттық Банкінің атқарушы билік тармағына кірмейтінін, тек Қазақстан Республикасы Президентіне есепті және бағынышты екені; Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретті мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Заңдары негізінде Қазақстан аумағындағы барлық банктер мен олардың клиенттері орындауға міндетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер шығаруы;
2010

Жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) қызметінің тұрақты құқықтық негізін қалауды бүгін білім алушылар мен білім беру саласының (шын мәнінде ЖОО-ның) өзге де субъектілері, оның басқару органдары (бұдан әрі - әкімшілік), профессорлық-оқытушылық құрамы (бұдан әрі - оқытушылар) арасындағы өзара қатынасын қалыпқа келтіретін белгілі бір нормативтік, оның ішінде заңнамалық ережелерсіз елестету мүмкін емес. Десе дағы, білім саласындағы бүгінгі қолданылып жүрген заңнама, білім беру қызметін көрсету тәртібін қоса алғанда [1], ондай жөн-жосықтың принциптерін, нысандарын, екі жақты құқықтарын, студенттердің, оқытушылардың, әкімшіліктің міндеттерін айқындауды ЖОО-ның жарғысына және локальдық актілерге жүктей отырып, оларды толық реттемеген.
2010

Заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтардың тарапынан экологиялық заңнаманы сақтаудың маңызды шарты табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны ұтымды пайдалану туралы нормалар мен ережелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктің мемлекеттік шараларын белгілеу болып табылады. Бұл салада заңсыз аң аулау мен су кәсіпшіліктерімен заңсыз айналысу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің елеулі саны байқалады. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің деректері бойынша экологиялық заңды бұзғаны үшін жыл сайын кінәлі адамдардан экологиялық айыппұлдар мен төлемдер ретінде 600 млн. астам теңге алынады.
2010

Еліміздің жаһандану кезеңін бастан кешіруі әр түрлі құқықтық реформалардың қабылдануына және дамуына әкеліп соқтыруда. Соның бірі 9 қантар 2007 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының экологиялық кодексін атауға болады. Мемлекетімізде адамзаттың табиғатты мақсатқа сай пайдалануының құқықтық мәселелері осы кодекспен және өзге де заңдармен реттеледі.
2010

Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік сектор экономиканы тұрақтандыру мен сауықтыру бағыттарының бірі ретінде белгілеуге мүмкіндік беретін негізгі факторлары мыналар: Агроөнеркәсіптік кешен жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 30%-ын шоғырландырады. Сондықтан ол халықты жұмыспен қамту деңгейін қолдауға бағытталған шаралардың орталық буыны болып табылады.
2010

Орнықты даму Концепциясы 1984 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысының бастамасы бойынша қоршаған ортаны қорғау және даму жөніндегі Халықаралық комиcсиямен БҰҰ-ң екінші Стокгольмдық (1972 жыл) Конференцияcынан кейін даярланған болатын. Комиссия міндеті 2000 жылға дейінгі және одан арғы мерзімге арналған қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұзақ мерзімді стратегия ұсыныстарын; әлемдік қоғамдастықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің тиімді шешімін табуға болатын әдістер мен құралдарды жасау болды. Орнықты даму жөніндегі ойлар «Біздің ортақ болашақ» атты 1987 жылы БҰҰ-ң Бас Ассамблеясына ұсынылған қоршаған ортаны қорғау мен даму жөніндегі Халықаралық комиссия Баяндамасында көрініс тапқан.
2010

Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық прогреспен тікелей байланысты екені рас. Соның нәтижесінде табиғат байлықтарын адамның шексіз пайдалануы жанартаулардың атқылауы, дауылдар, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, қазіргі заманда тіпті, одан асып түсетіндей жағдайға жетті. Өнеркәсіптің дамуы қазба байлықтарды игеруді арттырды. Соның кесірінен ауа, су көздері, топырақ ластанды. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі зиян шекті.
2010

Қазіргі кезде қалыптасқан тәжірибе ауыл шаруашылығы саласы және азық-түлік нарығын реттеуде мемлекеттің рөлін арттыруды талап етеді. Бұл салаларда мемлекеттік реттеу мен қолдаудың қажеттілігі мынадай жағдайлармен байланысты: табиғат-климаттық әсер ету; экономиканың өзге салаларына қарағанда ауылшаруашылық тауар өндірушілердің монополизациясының төменгі деңгейі;  ауылшаруашылық  өніміне  бағаның  тұрақсыздығы  және т.б. 
2010

 Қылмыскердің жеке тұлғасы дегеніміз - қылмыскерді бүтіндей алғанда тұлға деп сипаттайтын барлық әлеуметтік қасиеттердің, байланыстар мен қатынастардың жиынтығы болып табылады. Оған айыпталушының әлеуметтік байланысы (саяси, тұрмыстық, еңбек,т.б.) саяси-құлықтылық қасиеттері, психологиялық құрылысы мен ерекшелігі, демографиялық және тұлғасының белгілері, өмірлік жолы мен тәжірибесі, қоғам алдындағы кінәсі жатады. Криминалистік оқулықтарда айыпталушының жеке тұлғасын алдын-ала тергеуді зерттеу мәселесінде айыпталушының жеке тұлғасын зерттеу екі бағытта жүзеге асырылатындығы туралы айтылған.
2010

Алдымен сараптаманың не екеніне тоқталайық. Ол – мәселенің дұрыс шешілуі сол немесе басқа саладағы (медициналық сараптама, криминалистикалық сараптама, экологиялық, патенттік, бухгалтерлік, өнертанушылық, сот сараптамасы, салық сараптамасы  және  т.б.)  кәсіптік зерттеулер мен арнайы білімдерді талап ететін мәселелерді, мамандар (сарапшылар) немесе мамандар тобының зерттеуі  [1].  «Сараптама»  деген  сөз  латынның  «ехреrtus»  сөзімен  байланысты,  бұл «тәжірибелі», «хабардар» дегенді білдіреді [2]. Кез-келген адвокат кәмелетке толмағандардың құқығы мен мүдделерін қорғауда заңмен белгіленген бірқатар ерекшеліктерді пайдаланады. Бұл ерекшеліктер еліміздің қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көрсетілгенін ескеру керек. Адамның кәмелетке толмаған кезеңдегі дамуының ерекшелігін еліміздің және шетел психологтары мен заңгерлері мойындағаны белгілі.
2010

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің конституциялық даму кезеңінің негізін қалаған акт болып табылады. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты заңнамалық нормаларды, оның ішінде Конституция нормаларын сот тәжірибесінде қолдану мәселелері жөніндегі нормативтік қаулыларды қабылдау өкілеттігін атқарады. Сот қызметінің заңдық мәні де, саяси маңызы да өте зор. Мемлекет халықтың өз мәселелерін шешуге сенім артатын тәуелсіз әрі тиімді сот жүйесін құруѓа барынша көңіл бөледі.
2010

Экономикалық қызмет саласындағы мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуде кеден қызметі аса маңызды рольге ие, ол аталған саладағы негізгі құқық қорғаушы институттардың бірі болып табылады. Сыртқы сауда айналымын, жалпы алғанда, сыртқы экономикалық қызметті реттеуге қатыса отырып және фискальды қызмет атқара отырып, кеден қызметі мемлекеттік бюджетті толтыруға, ол арқылы экономикалық мәселелерді шешуге ықпал етеді. Ал, кеден ісі аясында орын алатын қылмыс құрамдары сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың бір тобын құрай отырып, кеден органдарының қалыпты қызмет етуіне қарсы бағытталады.
2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.