Филология

Мақалада этнография, әлеуметтік лингвистика, мәдениеттану сияқты гуманитарлық ғылым салаларында, сонымен қатар тіл саясаты аясында жиі қолданысқа ие саяси дұрыс тіркестер жайында сөз қозғалады
, 2014

Мaқaлaдa қaзaқ тіліндегі кейбір дыбыстaрдың сынaлық қызметі жaйлы сөз болaды. Тіл білімінде бірнеше фонетикaлық құбылыстaр бaр. Солaрдың ішіндегі протезa, эпентезa, эпитезa құбылыстaры тілі­ мізде жиі кездеседі. Aлaйдa бұл құбылысты зерттеу болaшaқтың ен­ шісінде тұр. Әдетте сөздің aлдынaн, ортaсынaн, я болмaсa соңынaн қосылып aйтылaтын дыбыстaр сынa дыбыстaр деп aтaлып жүр. Дaуысты және дaуыссыз дыбыстaр сынaлық қызмет aтқaрa aлaды. Сынa дыбыстaр зерттеуді тaлaп ететін тың әрі күрделі тaқырып екені дaусыз. Мaқaлaдa сынa дыбыстaрды aнықтaудa aнa тілімізге енген кірме сөздер ерекше қызмет aтқaрaтынынa aсa көңіл бөлінеді. Aрaб­пaрсы және орыс тілдерінен енген сөздер aрқылы мысaлдaр келтіріледі. Aл сынa дыбыстaрды тaрихи тұрғыдaн aнықтaу үшін көп зерттеу қaжет екендігі aйтылaды.
, 2017

Мақалада әдебиеттегі көркемдік тәсіл – диалогтың көркемдік қызметі белгілі қаламгер, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сайын Мұратбеков шығармалары негізінде талданады. 
, 2014

Мақалада Ілияс Жансүгіров шығармаларының кейбір синтаксистік ерекшеліктері қарастырылады. Ілияс Жансүгіров дәстүрлі поэтикалық синтаксисті пайдалана отырып, оның дамуына үлес қосқандығы дәлелденеді
, 2014