Халықаралық қатынастар

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында»: «Мемлекеттік құқықтық саясатының маңызды буыны қылмыстық саясат болып табылады, оны жетілдіру қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу жəне қылмыстық-атқару құқығын, сондай-ақ құқықты қолдануды кешенді, өзара байланыста түзету арқылы жүзеге асырылады деп көрсетілген [1, 2 б.].
2010

Референдум жалпы халық билігін жүзеге асырудың бірден-бір əдісі болып табылады. Ол  туралы А.Т. Мухамбедьярова: “Институт народовластия – референдум является одним их важных в казахстанской  модели народовластия на переходном этапе его развития.
2010

Қазіргі таңда қазақстандық ғылым өзінің дамуының жаңа кезеңінен өтуде. Отандық ғылым саласының қайсысын алсақ та ілгерілеу, даму үрдісін байқаймыз. Соның ішінде тарихи-құқықтық салада да көптеген оң өзгерістерді көреміз. Бұрынғы Кеңестік идеология сарынымен жазылған жəне бағаланған тарихи оқиғалар мен үрдістер, қазіргі таңда өзінің объективтік бағасын алып, түбегейлі зерделенуде. Осы тұста, Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуының ажырамас бөлігіне  айналған, 1918-1924 ж. аралығында өмір сүрген Кеңестік үлгідегі Түркістан АССР-нің мемлекеттік- құқықтық бет-бейнесін қайта зерделеу мүмкіндігіне иеміз.
2010

Қазақстан Республикасының Конституциясына сай, əрбір қылмыс жасауда ұсталған, қамалған, айыпталушының тиісінше, ұстау, қамау немесе айып тағу сəтінен бастап қорғаушының көмегін пайдалану құқығы бар. [1, 8]. Осы конституциялық ережені шын мəнінде қорғаушының заңгерлік көмегімен алу əрбір тұлғаға оның ресми процесуалдық мəртебесіне қарамастан, сонымен қатар егер өкілетті билік органдары осы тұлғаға қатысты бостандық пен жеке қол сұқпаушылық нақты шектелетін шаралар қолданылған жағдайда, ұсталған немесе сезікті деп тануға кепілдік береді.
2010

Банктік қызметті құқықтық реттеу мəселесінің өзектілігі бүгінгі қаржылық дағдарыс жағдайында айқын көрініс тауып отыр. Мемлекеттің осы саланы құқықтық реттеуінің салдары республикамыздың қаржы жүйесінің тұрақты дамуына əсері ерекше екендігі аян. Банкілік қызметтің құқықтық негізіне тоқталатын болсақ, алдымен біз Ата Заңымызға тоқталамыз, Конституцияның бірінші бабының екінші тармағында: «Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мəселелерiн демократиялық əдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу», - деп қарастырылды.
2010

Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы геосаяси жəне геостратегиялық қарым-қатынастар тең құқықты, достық қатынастар негізінде қалыптасуда. Іс жүзінде бұрынғы кеңестік кеңістіктегі барлық елдерге, оның ішінде Қазақстанға да Ресей басты əріптестердің бірі болып қала береді. Ресей – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің ішіндегі аумақты жəне қуатты державаның бірі. Сондықтан да Еуразия кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда Ресейдің де үлесі едəуір салмақты. Қазақстан Республикасы тəуелсіздігін жариялаған жылдардан бастап өзінің сыртқы саяси стратегиясында Ресей Федерациясымен қарым- қатынастарды басымды бағыт деп жариялады.
2010

1990 жылдың басында КСРО-ның ыдырауы мен Ресей Федерациясының қоғамдық-экономикалық құрылымындағы түбегейлі өзгеріс АҚШ пен Ресей арасындағы бұрынғы қарым-қатынастың өткен- кеткенін көрсетеді. Кеңес Одағының құлдырауымен халықаралық қатынастар жүйесі биполярлық жүйеден монополярлы жүйеге көшті. КСРО-ның əлемдік сахнадан кетуі аса қуатты держава болып қалған АҚШ-қа əлемдегі түбегейлі өзгерістерді, сонымен қатар барлық геосаяси жəне стратегиялық артықшылықтарын ескере отырып, өзінің сыртқы саяси бағдарын қайта қарастыруға жол ашты.
2010

ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасырда «жаһандану» (глобализация) термині күнделікті қолданысқа енді. Бүгінгі күні жаһандану үрдісі əртүрлі деңгейде барлығымызға да əсер етіп отыр. Сырттай барлығымызға түсінікті жаһандану терминіне əлі күнге дейін ортақ ғылыми анықтама берілген жоқ. Жаһандану үрдісінің басталу мерзімінің өзін əркім əртүрлі түсіндіреді. Бірақ бір белгілі дүние, жаһандану дегеніміз – ықпалы күшті белгілі бір қозғалыстың (мемлекет, саяси ұйым немесе сауда компаниясы болсын) əлсіз топтарға əсер етуі арқылы барлық басқа дүниені өз маңына шоғарландыруы.  
2010

Қытайдың Орталық Азиядағы сыртқы экономикалық саясатында мұнай мен газ саласындағы ынтымақтастықты дамытудың өзіндік орны бар. Қытай экономикасының қарқынды да тез дамуы оның энергия көздеріне мұқтаждығы мəселесін күн тəртібіне шығарды. Мемлекет басшылығы елдің энергетикалық стратегиясын қайта қарауға мəжбүр болды. Қытай, бір жағынан, ел ішіндегі мұнай өндірісін ұлғайту арқылы өзінің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талпынса, екінші жағынан, шет мемлекеттерден сенімді мұнай тасымалын орнатуға ұмтылуда. Мемлекеттің ішкі экономикалық дамуымен тығыз байланысты болған мұнай мен газ мəселелерін шешу мақсатында Қытай 1990 жылдардың екінші жартысынан бастап Орталық Азияда осы саладағы байланыстарын тереңдетуде белсенділік танытты.
2010

Мемлекеттіліктерінің қалыптасуы аяқталған Орталық Азия елдері үшін жаңа жаһандық қауіп- қатерлермен бірге қазіргі уақытта ұлттық даму жəне аймақтық қауіпсіздік, субаймақтық интеграция мен серіктестіктің жаһандану жағдайындағы ауқымды мəселелері туындап отыр. Сонымен бірге əлемдік əлеуметтік кеңістіктің маңызды бөлігі трансқұрлықтық құрылымдар да аймақ елдері дамуында көлемді рөл ойнай бастады.
2010

ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы əлемдік дамуда орын алған түбегейлі өзгерістер ғылыми зерттеушілер үшін де, сондай-ақ саясаткерлер алдына да халықаралық қатынастардың сипаттары мен заңдылықтары бойынша мəселелерді барлық қырынан қойды десе болады. Жаңа саяси даму қарқыны жаңа тəуелсіз мемлекеттердің құрылуымен қоса, ғаламдық өзаратəуелділіктің ұлғая түсу төңірегінде ұлтараздық қақтығыстар мен керағар ағымның күшеюін де, халықаралық лаңкестіктің қатерлі шегіне шығуын да, ең соңында бұрыннан қалыптасқан халықаралық қауіпсіздік құрылымында да жаңа қатерлер орын алды. Халықаралық қатынастардың қалыптасып қалған жүйесінің, сонымен  бірге соған негізделген əлемдік тəртіптің де ыдырай бастауы ғалымдарға, сарапшылар мен мемлекет қайраткерлеріне көптеген күрделі мəселелерді туғызды.
2010

ХХІ ғасырдың шегінде адамзат өз тағдырын белгілеп, өзі қалаған өмір  салтын таңдайтын, өзінің айналасында болып жатқан қандай да бір құбылыстарға өзінің саяси көзқарастарын нақтылай алатын əлемдік кеңістікте, сарп еткенде, мемлекеттер үшін заңды интеграциялық үрдіс жағдайында (нақты ұйым шегінде) дамудың қай жолымен жүруі керектігі – дүниежүзілік қауымдастықтың дамуына бағытталған осындай оңтайлы бетбұрыстарына жаһандану деп аталатын құбылыс септігін тигізеді. Біздің кеңістіктік уақыттағы жоғары технологиялардың дамуымен бірге, толық дүниежүзілік инфрақұрылымның қызмет етуінің дамуы жеңілдей түседі, ал бұл жаһандану үрдісін тереңірек ұғынуға септігін тигізеді.
2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.